• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шәпкенов С.Ж.
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МАХАМБЕТ ДОСМҰХАМБЕТОВ БАЛАЛАР ҮЙІ ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРІНІҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мамандандырылған балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұсауын кесті», - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мамандандырылған балалар үйі тәрбиеленушілерін 1-маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады. Сосын мұндағы екі баланың тұсауын кесіп, өмірде әрдайым жолдары ашық болуын тіледі. Олардың бірі — ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тастанды бала болса, екіншісін — мүмкіндігі шектеулі анасы бағуға жағдайы келмегендіктен орталыққа уақытша тапсырған.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Көпшілігі туғанынан ана мейірімін көрмей өсіп келе жатқан бұл балалардың махаббат пен қамқорлыққа өте зәру екенін білеміз. Сондықтан да бүлдіршіндеріміз көп ұзамай жақсы отбасыдан жайлы орын тауып, туған елдің лайықты азаматтары болып өссін. Бүгін ғана емес, балаларымызға әр күні мерекелік көңіл-күй сыйлап, жағдай жасауымыз керек»,-деген тілегін білдірді. Одан кейін аймақ басшысы бүлдіршіндер өз өнерін ортаға салған «Біз өмірдің гүліміз» атты концерттік іс-шараның бірнеше нөмірін тамашалады.
Одан соң балалардың қандай жағдайда тұрып жатқанымен танысып, әлеуметтік мекеменің басшылығымен әңгімелесті. Әлеуметтік мекеменің басшысы Раиса Баймұханованың сөзінше, қазіргі кезде мұнда түрлі ауруға шалдыққан, 4 жасқа дейінгі 23 бүлдіршін тәрбие алуда. Балалар орталық нерв жүйесінің зақымдануы, сөйлеу тілі дамуының тежелуі және ДЦП ауруларымен ауырады.
Ал әлеуметтік мекеменің 50 қызметкері сәбилерді сапалы және уақтылы күтім-бағыммен қамтамасыз етіп отыр. «Бұл мереке ұрпақтың жан-жақты дамуына жауап беретін қызметкерлер үшін де өте маңызды. Бақытты және Тәуелсіз еліміздің мақтанышына айнала алатын ұрпақ тәрбиелеу сынды зор жауапкершілікті жете сезінетіндеріңізге сенемін. Осы бағыттағы ерен еңбектеріңіз үшін әрқайсыңызға арнайы алғысымды білдермін»,-деп аймақ басшысы әлеуметтік мекеменің қызметкерлеріне де ризашылығын білдірді.
Балалар мерекесіне орай тәрбиеленуші бүлдіршіндерге облыс әкімі атынан сыйлықтар берілді.
Соңғы жылы мамандандырылған балалар үйінің бір тәрбиеленушісін отбасы асырап алса, алтауы өздерінің туған үйлеріне оралған, бір бала отбасылық үлгідегі "Шаңырак" балалар ауылына ауыстырылыпты.

  • 02.06.2021
  • 277
Шәпкенов С.Ж.

Атырау облысының әкімі

Шәпкенов С.Ж.
(Мұрағат)

Атырау облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика