• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нүкежанов Е.Б.
Нүкежанов Е.Б.

ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақпарат және қоғамдық даму салалары бойынша Қазақстан мен Түркияның стратегиялық сессиялары басталды

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Түркия Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп ұйымдастырып отырған стратегиялық сессиялары басталды. Аталған сессиялар 2021 жылғы 3-4 маусымда онлайн-форматта өтеді.

Айта кетейік, іс-шараны өткізу туралы уағдаластыққа ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның 2021 жылғы сәуірдегі Түркияға іс сапары барысында қол жеткізілді, онда ол екі ел арасындағы қарым-қатынастың нығаюына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әрқашан маңызды мән беретінін атап өткен болатын.

Бүгін, 3 маусымда онлайн-іс-шаралар дін, жастар саясаты, азаматтық қоғамды дамыту және волонтерлік салаларында тәжірибе алмасу мәселелерін талқылау бойынша өтті.

Тараптар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия Республикасы Дін істері басқармасы арасында екіжақты ынтымақтастықты нығайту бойынша келісімге келді.

Жастар саясатын іске асыру, азаматтық қоғам мен волонтерлікті дамыту мәселелерін талқылау барысында қазақстандық тарап жастар ресурстық орталықтарының жұмыс істеу тәжірибесі, Қазақстандағы азаматтық секторды қолдау шаралары туралы айтып өтті.

Сонымен қатар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі түрік серіктестерін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында Еріктілерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау туралы айтқан бастамасын қолдауға шақырды.

Тараптар бүгінгі іс-шаралардың қорытындыларын оң бағалап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту ісінде айтылған ұсыныстарды ескеруге дайын екендіктерін білдірді.

 

Анықтама:

Стратегиялық сессияларда Қазақстан мен Түркия өкілдері азаматтық қоғамды дамыту, жастар саясаты, ақпарат және БАҚ, діни қызметті реттеу, этносаралық қатынастарды дамыту салаларында тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылауда.

Іс-шараларға Қазақстан тарапынан ҚР АҚДМ құрылымдық бөлімшелері, атап айтқанда, азаматтық қоғам істері, ақпарат, жастар және отбасы істері, этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттер, БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаменті, сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Ұлттық еріктілер желісі, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы, «Отандастар қоры» қатысуда.

Ал, Түркия тарапынан Түркия Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғаммен байланыс жөніндегі бас басқармасы, Жастар және спорт министрлігі, Дін істері басқармасы, Түрік ынтымақтастық және Үйлестіру агенттігі (TIKA) бағдарламасының үйлестіру кеңсесі, түркиялық ірі БАҚ және ҮЕҰ өкілдері атсалысуда.

  • 04.06.2021
  • 257
Нүкежанов Е.Б.

ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы

Нүкежанов Е.Б.
(Мұрағат)

ҚР МАМ Дін істері комитетінің төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика