- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Әскери-медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын жақсарту жөнінде шаралар қабылдануда
Қорғаныс министрлігі «Қарулы Күштер мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталмыш өзгеріс медициналық қызметтердің сапасын арттыру, қорғаныс ведомствосының бюджет жүктемесін азайтуға, әскери-медициналық мекемелердің азаматтық персоналына қосымша төлемдер, үстемеақылар, сыйлықақылар және ынталандыру сипатындағы төлемдер белгілеуге мүмкіндік береді.
Бұл құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер порталында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=8846080.
- 04.06.2021
- 285