- Блогтар
- Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.
ҚР Қорғаныс министрі
Тәжікстанға өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы Үкімет қаулысының жобасы әзірленуде
«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Аталған құжат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімнің күшіне енуі бойынша мемлекет ішілік рәсімдерді жүргізу мақсатында әзірленді.
Келісімге Қазақстан Республикасының 2021 жылға арналған халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы жоспарына сәйкес қол қойылды. Ондағы мақсат Қазақстанның Тәжікстанға әскери мүлкін бір жолғы беруі үшін құқықтық негіз құру болып табылады.
Құжаттың толық мәтінімен ашық нормативтік құқытық актілер порталында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=9192873. Бұл жоба 2021 жылғы 17 маусымға дейін талқыланады.
- 05.06.2021
- 263