• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БЕЙБІТ ӨМІР СЫЙЛАҒАН АҒА ҰРПАҚТЫҢ АЛДЫНДА БАС ИЕМІЗ!

Құрметті Алматы облысының тұрғындары, соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 75 жыл бұрын Ұлы Отан соғысындағы қару үні тыншыды, бірақ сол сұрапыл жылдардың естеліктері жадымыздан өшкен жоқ, қайта жыл өткен сайын ұрпақтан ұрпаққа, жүректен жүрекке жетіп, жаңғыра түсуде. «Тау алыстаған сайын биіктейді» деген осы болар!

Жыл сайын мамыр айында біз майдан даласында жанқиярлықпен шайқасқан, тылда жанкешті еңбек еткен әр азаматқа ерекше құрмет көрсетіп, соғыстан қайтпай қалған майдангерлерлерді еске аламыз. Біз аталарымыз бен әжелеріміздің, әкелеріміз бен аналарымыздың қайсарлығын, қажыр-күшін, биік рухын бағалай отырып, бізге ашық аспан, бейбіт күн сыйлаған ерліктерін мәңгі есте сақтаймыз.

Жеңіс пен бейбітшілікке лайықты ұрпақ бола білу, қол жеткен жетістіктердің бағасын біліп, оны еселей түсу - біздің басты міндетіміз.

Құрметті ардагерлер!

Осы мерейлі мерекеде барлық ізгі тілектер өздеріңізге арналады.

Сіздер әперген Жеңіс кешегі күннің ғана емес, болашақтың да жеңісі, ол соғыстан кейінгі жылдардың қиындығын еңсеруге мүмкіндік беріп, бүгінгі күні де қоғам өміріне белсене араласуға, жастарды Жеңіс рухында тәрбиелеуге күш беріп келеді.

Сіздердің өмірлік бай тәжірибелеріңіз үшін, бізге жол нұсқағандарыңыз үшін, үнемі қолдау көрсеткендеріңіз үшін рахмет айтамыз. Денсаулықтарыңыз мықты, жастарыңыз ұзақ болып, жақын жандарыңыздың құрметі мен сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер!

Ұрыс даласынан оралмаған жауынгерлердің даңқы мәңгі өшпейді! Соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, сол зұлмат жылдардың ауыртпалығын көтерген барша жандарға құрмет көрсету – парызымыз.

Бейбіт өміріміз үшін, бұлтсыз аспанымыз үшін Сіздердің алдарыңызда тағзым етіп, басымызды иеміз!

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы құтты болсын!

Елімізде шаттық пен береке, ынтымақ пен тыныштық бола берсін, құрметті жетісулықтар!


 

  • 08.05.2020
  • 540
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика