• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақсылықов Р. Ф.
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қорғаныс министрінің Жеңіс Күнімен құттықтау сөзі

Генералдар мен офицер мырзалар, сержанттар мен старшиналар, сарбаздар мен матростар!
 

Қымбатты ардагерлер!

Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын! 9 мамыр –әр адам зор құрметпен, ерекше ықыласпен атап өтетін күн. Бұл күні адамзат соғыста нәсіліне, дініне немесе әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бейбіт өмір сүру, теңдік құқығын жеңіп алған күн.
Жеңіс туралы көзінеқуаныш жасын ала отырып,сол қанды шайқас туралы бізге айтатын, майдан даласынан аман оралғанбатырлар саны жыл өткен сайын азаюда. Шайқас даласынан оралмаған миллиондаған адам жақындарының жүрегінде мәңгі жас болып қала бермек.Әрбір сарбаз, тыл еңбеккері – біз үшін бір тарих,бұл – шынайы сенімнің, патриотизмніңжәне жалпыадамзат құндылықтарына адалдықтың, кез келген, тіпті күші бірнеше есе басым әскери қуатты жеңе алатындықтыңайқын символы. Олар 1418 күн мен түн бойы қайтпас қайсарлық пен ерік-жігер көрсете отырып, фашизмнің агрессиясынан еркін, бейбіт өмір сүру құқығын қорғап қалды.
Бұл соғыс еліміздің әрбір адамның өмірінде өз ізін қалдырғаны бәрімізге белгілі. Әр отбасында қанды қырғыннан оралмаған өз батыры бар. Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам адам шақырылды. Олардың жартысы майдан даласынан оралған жоқ.
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында Мәскеу, Сталинград түбіндегі, Курск доғасындағыең үлкен шайқастарға қатысып, Днепрден соғыса өтті, Украинаны, Белоруссияны, Молдавияны, Балтық жағалауын, Еуропаны азат етті, Берлинге шабуыл жасады. 500-ге жуық жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.
Республикада 12 атқыштар және төрт кавалериялық дивизия, жеті атқыштар бригадасы, әртүрлі әскер тектерінің50-ге жуық жеке полкімен батальоны құрылды.
Тыл еңбеккерлері қиын-қыстау кезеңде елімізде барлық мыстың үштен бірінен астамын балқытты. Жауға атылған он оқтың тоғызы Қазақстанда өндірілген қорғасыннан құйылды. Соғыс жылдары Қарағанды шахтерлері 35 миллион тонна көмір, Орал-Ембі мұнайшылары 900 мың тоннаға жуық мұнай өндірді. Ауыл тұрғындары ел үшін алты миллион тоннаға жуық нан, 734 тонна ет өндірді.
Қазақстанға жүздеген кәсіпорын, оның ішінде майдан үшін тәулік бойы қару-жарақ, оқ-дәрі, радиостанциялар мен киім-кешек жеткізетін 19 қорғаныс зауыты эвакуацияланды.
Аға буынның өшпес ерлігін біз әрқашан үлгі тұтамыз. Олар Отанымызға – тәуелсіздікті, ал ұрпақтарына – бейбіт аспан мен тыныштықты аманат етіп қалдырды. Біздің ортақ міндетіміз–күн сайын халқымыз үшін, болашақ ұрпақ үшін қауіпсіздікті сақтауға жәрдемдесу, сол жылдардың қайғылы оқиғасы Тәуелсіз Қазақстанның тарихында ешқашан қайталанбауы үшін бар күш-жігерімізді салу.
Еңселі елдің батырларыжүрегімізде мәңгі сақталады. Ардагерлерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ал әскери қызметшілерге бейбіт уақытта жеңіс туын әрқашан көкке көтеріп, желбірете ұстауын тілеймін.

 

  • 09.05.2020
  • 578
Жақсылықов Р. Ф.

ҚР Қорғаныс министрі

Жақсылықов Р. Ф.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика