• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Үшарал әуежайы үздіксіз жұмыс істейді

Үшарал қаласындағы әуежай туристік маусым бойы үздіксіз жұмыс істейтін болады. Үлкен әуе кемелерін қабылдау үшін жүргізіліп жатқан ұшу-қону жолағын жаңғырту жұмыстары кезінде ұшақтар арнайы дайындалған жолаққа қонады. Тілек білдірушілер Алакөл көлі жағалауында еш кедергісіз демала алады. Бұл туралы бүгін ұшу-қону жолағын жаңғырту мәселелері жөнінде өткен жиында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты,- деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.Жиын барысында белгілі болғандай, ұшу-қону жолағын жаңғырту жобасының жалпы құны 7,5 млрд теңге, соның 4,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 2,8 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «BI Infra Construction» ЖШС жүргізеді. Бас мердігер ұйым – «Талдықорған жолдары» ЖШС.«BI Infra Construction» ЖШС бас директоры Дархан Рахимовтың айтуынша жаңғыртудың бірінші кезеңінде жолақ 2700 метрге дейін ұзартылып, 49 метрге дейін кеңейтіледі. Екінші кезеңінде жарық дабылды құрылғы, ұзындығы 6220 метрлік периметрлі қоршау, бейнебақылау орнатылып, ұзындығы 6 мың метрлік патруль жолы салынады. Бірінші кезеңде шамамен 50 бірлік қажетті техника тарту жоспарланған. Қос қабатты бетон жабынды қыркүйек айында төселеді. Оған дейін цемент, инертті материалдар іріктеу, құрал-жабдықтарды іске қосу және құрылыс материалдарын зертханалық тексеруден өткізу сияқты барлық қажетті дайындық жұмыстары жүргізіледі.Облыс әкімі Амандық Баталов материалдар мен барлық құрылыс жұмыстарының сапасы басты назарда болуы керектігін атап өтті:- Алакөл – тұтас Қазақстанның жауһары. Сондықтан ұшу-қону жолағын жаңғырту жобасын сапалы әрі мерзімінде іске асырудың маңызы зор. Енді барлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып жұмысқа кірісу керек, келесі туристік маусым басталғанша құрылыс жұмыстарын аяқтауға тиіспіз. Осы туристік маусымда авиарейстер тоқтамайды. Әуежай терминалы өз жұмысын жалғастырады, Алакөлдің барлық туристік демалыс аймақтары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып қонақтарды қабылдауға дайын. Ұшу-қону жолағын жаңғырту кезінде ұшақтар арнайы дайындалған жолаққа қонатын болады,- деді А. Баталов.Жиын соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға мердігер ұйымдардың жұмысына қажетті жағдай жасап маңызды нысанның жаңғырту жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.Жалпы Үшарал қаласындағы әуежайдың жолағын жаңғыртқаннан кейін мұнда «Boeing B767-300», «B767-200 ER», «B757-200/300», «Airbus A310-300», «ТУ-154 М» класты авиалайнерлерді қабылдауға мүмкіндік туады. Бұл өз кезегінде көліктерге қолжетімділікті жақсартып қана қоймай демалушылар санының артуына ықпал етеді. Бұл - ішкі туризмді белсенді дамыту деген сөз.  

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

  • 10.06.2021
  • 205
Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика