• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жақсылық Үшкемпіровтің ғибратты ғұмырына арналған «Біртуар» кітабы жарық көрді

Бүгін даңқты спортшы, Мəскеу Олимпиадасының жүлдегері, Қазақстанның Еңбек Ері Жақсылық Үшкемпіровтің өмір жолы туралы жазылған «Біртуар-Уникальный» кітабы оқырманға жол тартты. Кітап авторы жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Алаш" əдеби сыйлығының иегері Сəуле Досжанова бұл романда Жақсылық Үшкемпіровтің балалық шағынан аты аңызға айналған даңқты кезеңіне дейінгі ғибратты ғұмырын арқау еткен. Кітап Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жарық көрді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кітаптың Талдықорғандағы Салтанат сарайында өткен тұсаукесеріне облыс əкімі Амандық Баталов, қоғам және мемлекет қайраткері, генерал-полковник Сəт Тоқпақбаев, кітап авторы, жазушы Сəуле Досжанова, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Жақсылық Үшкемпіровтің жары Күлпан Мұқашқызы мен ұлдары Елдос пен Жеңіс, бірқатар танымал жаттықтырушылар мен белгілі спортшылар жəне өңірдегі зиялы қауым өкілдері қатысты.

Алдымен қонақтар Сәуле Досжанның кітаптарынан фойеге қойылған көрмемен танысты. Мұнан соң дөңгелек үстел басында салтанатты жиынды ашқан облыс әкімі Амандық Баталов елжанды азамат, даңқты спортшы Жақсылық Үшкемпіровтің  ел спортын дамытуға, туған жерін түлетуге, ауыл шаруашылығын өркендетуге қосқан үлесі туралы қысқаша айтып өтті.

- Жақсылық Үшкемпіров барша қазақтың Жақсылығы еді, болмысы таза, білекті де, жүректі, бауырмашыл, қарапайым жан еді. Жақсылық ағамызбен мен көп жыл жақын араласып, дос болдым. Олимпиададағы жеңісті жолы, Елбасының қолынан Қазақстанның Еңбек Ері атағын алуы, ауыл шаруашылығында жемісті жұмыс істеп, өңір халқына мейірім-шапағатын тигізгені – осының бәрін біз жастарға үлгі етуіміз керек. Жазушы Сәуле Досжанның Жақсылық ағамыз туралы жазған кітабына қолдау жасап, бүгін тұсаукесерін өткізіп отырмыз. Шараға Үшкемпіровтер отбасынан жары, балалары қатысып отыр. Бүгінде Елдос әкесінің ізін басып, облыстың қоғамдық өміріне белсене араласып келеді. Жақсылық Үшкемпіровтің спорттағы жолын жалғайтын өрендерді тәрбиелеуге де бар жағдай жасап келеміз. Елбасының тапсырмасымен облыста 16 спорт кешенін салдық, - деп атап өтті А. Баталов. Сол сияқты облыс әкімі өз сөзінде әйгілі спортшының есімін облыстық балалар мен жасөспірімдер мектеп-интернат колледжіне беру жұмыстары жүріп жатқанын да атап өтті.

Мұнан соң сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері, генерал-полковник Сəт Тоқпақбаев биыл ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы екенін, соның аясында дарабоз спортшының ғибратты ғұмырын кітап етіп шығарудың маңызы зор екенін атап өтті. Сол сияқты Жақсылық Үшкемпіровтың жары Күлпән Мұқашқызы жазушы Сәуле Досжановаға, шығармаға қолдау танытқан облыс басшылығына ризашылығын жеткізді. Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып биылғы Балалар әдебиетін қолдау жылында осындай тағылымды кітап жазған қаламгердің, кітаптың жарық көріне жәрдемдескен облыстың ісі өзгелерге үлгі боларлық екенін айтты. Сол сияқты Ж.Үшкемпіровтің досы Нұрмахан Қаратаев спортшының адамгершілік, ізгілік қасиеттеріне тоқталды. Ғалым, филология ғылымының докторы Айгүл Ісмақова жаңа туындының балалар әдебиетіне қосылған сүбелі үлес екенін жеткізді. Кітаптың тұсауы кесіліп, оқырмандарға жол тартты.

Атап өтсек, жуырда Қазақстанның Еңбек Ері,  грек-рим күресінен әлем чемпионы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы, халықаралық спорт шебері Жақсылық  Үшкемпіровтің өмір жолына арналған жазушы Сәуле Досжанның «Біртуар» атты кітабы жарық көрді. Кітап «Балалар әдебиетін қолдау жылына» орай Алматы облысы әкімі Амандық Ғаббасұлының қолдауымен басылды. Ғұмырнамалық кітапта палуанның балалық шағынан бастап үлкен спортқа келуіне, Олимпиаданың жеңіс тұғырына көтерілуіне дейінгі өнегелі өмірі қамтылған. Бұл - бірегей тұлғаның биылғы 70 жылдығына арналған айтулы шараның бірі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 10.06.2021
  • 280
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика