• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай велшабандоз 3000 шақырымды велосипедпен жүріп өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік ұрпақтары» жалпыұлттық жобасы аясында Жетісу өңірінің тумасы Алмат Балтабековтің Нұр-Сұлтан қаласынан Талдықорған қаласына дейінгі вело-сапары аяқталды. Ол 3 мың шақырымды 34 күнде жүріп өткен. Кеше спортшыны туыстары, жерлестері, спорттағы әріптестері қуанышпен қарсы алды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Алмат Балтабековтің Нұр-Сұлтан қаласынан бастап, Қорғалжын, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Жетісай, Тараз, Алматы, Талдықорған қалалары мен елді мекендері арқылы 3000 шақырымды 34 күнде жүріп өткен.

Алмат Балтабековтің айтуынша, ол бұрын жол тосып саяхаттаумен әуестенген. Кейін ішкі туризмді дамытуға және спортты насихаттауға бағытталған осындай патриоттық велотурғы шығу туралы ой келген. 

«Еліміздің өңірлерін аралаған кезде жергілікті тұрғындармен араласуға, табиғат тамашаларын көріп үлгеруге тырыстым. Ел тәуелсіздігінің отыз жылындағы жетістіктеріне куә болдым. Алған әсеріммен "Инстаграм" парақшасында бөлісіп отырдым. Мені халқымыздың қонақжайлығы тәнті етті. Қай жерге барсам да, бейтаныс адамдар мені құрметті қонағындай қарсы алды», - деді А.Балтабеков. Астаналық жастардың атынан Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жастарына символикалық статуэтканы сыйға тартып, көрсеткен қолдауы үшін басқармаға ризашылығын жеткізді.

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше, сапардың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, ішкі туризм мен спортты дамыту. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында осындай патриоттық акцияларды қолдау ұрпақ тәрбиесіне қосылған сүбелі үлес болмақ.

Атап өтсек, Алмат Балтабеков І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетін "Психология" мамандығы бойынша аяқтаған. Талдықорған қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығында студенттік тәжірибеден өткен. Қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы Психикалық денсаулық орталығында жұмыс істейді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

  • 10.06.2021
  • 210
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика