- Блогтар
- Китаева Н.В.
Китаева Н.В.
ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасы Шемонаиха аудандық мемлекеттік архиві ҚММ директоры
4 Маусым Мемлекеттік рәмиздер күні
Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба, Мемлекеттік гимн - егемен Қазақстанның ажырамас атрибуты ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе берілген. Мемлекеттік рәміздер әр азамат үшін зор мақтаныш және оларды қастерлеу қасиетті борыш. Сол арқылы біз халқымызға, тарихымызға, салт - дәстүрлерімізге құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік рәміздер тек көркем образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы. Олар осы ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойына дарытуға қызмет етеді. Желбіреген көк Туымыз - бірліктің белгісі, Елтаңбамыз - ел тарихы, ел ойы, Әнұран - жүрекке жігер мен қайрат берер халқымыздың абыройы мен бостандығы. Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдасын! Әрқайсымыз елді біріктіретін қасиетті күшке ие Көк байрағымыздың, Елтаңбамыз бен Әнұранымыздың мәртебесіне қашанда лайықты болайық!
- 10.06.2021
- 429