• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Министр бокстан Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова 21-31 мамыр аралығында Біріккен Араб Əмірлігінің Дубай қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында жеңіске жеткен жəне жүлдегер атанған спортшыларды қабылдады.

Жүздесуге құрлық бəсекесінде қарсылас шақ келтірмеген Валентина Хальзова, Лəззат Күнгейбаева, Римма Волосенко мен күміс жүлдегер Василий Левит, қола жүлдеге ие болған Марина Вольнова, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев, Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Марат Мықтыбеков, федерация өкілі Асқар Сембиев қатысты.

Ақтоты Райымқұлова былғары қолғап шеберлері мен федерация өкілдерін Азия чемпионатындағы жетістігімен құттықтай келе, алда келе жатқан Токио Олимпиадасына дайындық жұмысымен танысып, боксшыларға сəттілік тіледі.

«Сіздер сары құрлықтың мықтылары бас қосқан дүбірлі додада шынайы шеберліктеріңіз бен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерлеріңізді ұштастырып, чемпион атанған дарынды былғары қолғап шеберісіздер. Байрақты бəсекеде тарихы терең, өзіндік дәстүрі қалыптасқан қазақ бокс мектебі әлем мойындаған мықтылар ордасы екенін тағы бір мəрте паш еттіңіздер. Сіздердің Азия чемпионатының жаңа үздік нəтижесін тіркегендеріңіз байтақ отанымыздың түкпір-түкпіріндегі өрендердің спортқа, оның ішінде боксқа деген құштарлығын арттырып, тың серпін беруіне тілектеспін.

Алдағы уақытта да шаршы алаң төрінде ысылған спортшы ретінде талай сында тұғырлы көк байрағымызды биікте желбіретіп, айбарлы əнұранымызды шырқата беретіндеріңізге сенемін»,-деді министр.

Өз кезегінде федерация басшылығы олимпия ойындарына дайындық жұмысы кестеге сай өтіп жатқанын, боксшылар қауіпсіздігін басты назарда ұстайтынын, ал спортшылар Олимпиадаға сақадай сай екенін жеткізді.

Айта кетейік, Азия чемпионатында 20 салмақта (10 – ер, 11 – әйел) бақ сынаған Қазақстан құрамасы 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Ал Қазақстан əйелдер құрамасы 10 салмақтың 8-інде алтын алып, Азия рекордын жаңартты.

Жалпы жүлдегерлер:

Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Дина Жоламан (54 кг), Римма Волосенко (60 кг), Милана Сафронова (64 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Фариза Шолтай (81 кг), Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) - алтын;

Владислава Кухта (57 кг), Даниял Сəбит (49 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Əбілхан Аманқұл (75 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 кг), Левит Василий (91 кг) - күміс;

Марина Вольнова (75 кг) мен Сəкен Бибосынов (52 кг) - қола.

  • 11.06.2021
  • 367
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика