• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Өңірде құрылыс материалдарын шығаратын 5 жаңа зауыт салынады

Алматы облысында алдағы 2 жылда «Самұрық Қазына Construction» АҚ-ның қатысуымен құрылыс материалдарын өндіретін 5 зауыт салынады, соның 2-еуі Талдықорған қаласында орналастырылады. Өңір экономикасына 25 млрд. теңге инвестиция тартылып, 600-дей тұрақты жұмыс орны құрылады. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысы бүгін облыс әкімі Амандық Баталовтың «Самұрық Қазына Construction» АҚ басшылығымен кездесуінде жан-жақты талқыланды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Минералды жылытқыштар, газбетонды блоктар, қасбет плиталары, керамикалық кірпіштер, есік блоктары және ламинатталған еден плиталары – осының бәрі жуық жылдарда Жетісу өңірінде өндірілетін болады. Бұл өз кезегінде сұранысқа ие құрылыс материалдарының бағасының төмендеуіне, отандық нарықты бәсекеге қабілетті жергілікті өнімдермен толықтыруға, сонымен қатар импорт алмасу мәселесінің оң шешілуіне ықпал етпек. «Самұрық Қазына Construction» АҚ басқарма төрағасы Болатқан Сандықбаев кездесуде осылайша ой бөлісті.   

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жергілікті атқарушы органдар тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.

- Алматы облысы құрылыс көлемі жағынан, яғни тұрғын үйлерді көптеп салу жағынан ерекшеленеді, сондықтан бізге сапалы құрылыс материалдары аса қажет. Енді құрылыс материалдарының өз өңірімізде өндірілетіндігі - экономикалық маңызды оқиғалардың бірі. Талдықорғанда зауыттарды орналастыруға барлық инфрақұрылымы тартылған индустриалды аймақ дайын тұр. Сондықтан құрылыс жұмыстарына кірісе берулеріңізге болады. Бұл барлық 5 нысанға да қатысты. Біз өз тарапымыздан тиісті көмектерді көрсетеміз,- деді А. Баталов.

Болашақ зауыттардың өндірістік қуаттылығы туралы айтатын болсақ, мәселен, жылына 7 мың тонна минералдық жылытқыш, 60 мың текше метр газды блоктар, 2 млн шаршы метр ламинатталған еден плиталары, 1,5 млн шаршы метр қасбетке арналған фиброцемент плиталары шығарылады деп жоспарланған. Бұл - өнімнің бір бөлігі ғана.

Атап өтсек, Талдықорғанда газбетон блоктарын және керамикалық кірпіштер шығарылмақ. Бұл зауыттарды мерзімінде іске қосу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен жобаларды барлық сатысында «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ мен облыстық кәсіпкерлік және инновациялық даму басқармасы қолдайтын болады.

Амандық Баталов жиын соңында жаңа импорт алмасу өндірісі өнеркәсіп саласының дамуына елеулі үлес қосатынын, Алматы облысында құрылыс материалдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жұмыспен қамтуға оң ықпал ететінін атап өтті.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 13.06.2021
  • 272
Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика