• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорғанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған фото сурет көрмесі ашылды

Бүгін Талдықорғандағы «Атамекен» Көрме кешенінде Мемлекеттік Рәміздер күні аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына және облыс орталығының Талдықорған қаласына көшкеніне 20 жыл толуына орай белгілі фотографтар Шүкірәлі Шахай мен Жеңіс Ысқабайдың «Тәуелсіздік - ақ ордам, Талдықорған - бақ ордам» бірлескен сурет көрмесі өтті. Көрменің салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов және өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Көрмеге «Құрмет» ордені мен «Фотоөнер қайраткері» медалінің иегері  Шүкірәлі Шахай мен  Журналистер одағының мүшесі Жеңіс Ысқабайдың және басқа да оншақты жергілікті фотографтың 300-дей суреті қойылған. Фото суреттерде еліміздің 30 жыл ішіндегі жүріп өткен жолы, даму сатылары, Елбасының қатысуымен өткен түрлі тарихи оқиғалар, еліміздің даңқты азаматтары, тарихи ескерткіштер – бәрі қамтылған. Облыс әкімі Амандық Баталов әр суретте бейнеленген кезеңдер туралы естеліктерін айта жүріп, көрмені толық аралап шықты. Ресми ашылуында сөз алған Амандық Баталов:

- Бүгінгі көрме шын мәнінде тәуелсіздіктің 30 жылдағы барлық баспалдақтарын сурет арқылы көрсетіп берген керемет шара болды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы дүкен сөрелерінің бос қалған, зауыт-фабрикалардың тоқтап тұрған қиын кезеңдерін де, Елбасының бір мақсатқа жұмылдырған тарихи оқиғаларын да, елге еңбек сіңірген қайраткерлерді де, табиғатымыздың кереметтерін де осы фото суреттерден көріп, риза болдық. Қазақстанның, соның ішінде Алматы облысының өсіп-өркендегені көз алдарыңызда өтіп жатыр. Біз елімізбен мақтанамыз. Осындай шараны ұйымдастырған азаматтар Шүкірәлі мен Жеңіске көп рахмет айтамын. Адамның көзі мен фотографтың көзі бірдей емес. Суретшіге әр сәтті қалт жібермейтін байқампаздық керек. Бүгінгі көрмедегі суреттер - сондай шеберліктің нәтижесі. Көрме бір ай бойы тұрады. Осындай суретке басылған тарихты жастар көріп, көңілге түйсе дейміз, - деген А. Баталов шараға арнайы келген Шүкір Шахайға сый-сияпат көрсетті. Жеңіс Ысқабай да құрметті қонаққа Талдықорған қаласының кіре беріс аркасының ағаштан қашалған бейнесін тарту етті. Өз кезегінде сөз алған Ш. Шахай көрмеге өзінің 100 туындысын алып келгенін, бұл көрменің дәл осы Жетісу жерінде, Талдықорған төрінде ашылғанына қуанышты екенін жеткізді. Тәуелсіздікке қызмет ету әр азаматтың қастерлі парызы екенін айта келе, облыс басшылығына ризашылығын білдіріп, елорданың 20 жылдығына арнап шығарған фотоальбомын сыйға тартты. Мұнан соң Жеңіс Ысқабайдың «Таңғажайып Талдықорған» атты фотоальбомының тұсаукесер рәсімі атқарылды. Барлық қуаныштармен көпшілікті Алматы облысының Құрметті азаматы, ардагер Наурыз Қылышбаев құттықтады. 

Осы ретте өңірде еңбек ететін бірқатар фотографтарға облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты берілді. Шағын концерттік нөмір қойылды.

Атап өтсек, көрмеде жалпы саны 300-дей фото сурет ұсынылған. Онда Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи кезеңдері қамтылған. Атап айтқанда, мемлекеттік Тудың, Елтаңбаның алғашқы нұсқаларының Елбасына таныстырылу сәті, мемлекеттік рәміздердің қабылданған кезі, Тудың ғарышқа ұшырылған сәті, Елбасының түрлі халықаралық басқосуларға қатысқан шақтары, шетел Президенттерімен бірге түскен суреттері, елімізге Тайқазанды алып келген шақ, Тұңғыш Президенттің Олимпиада жеңімпаздарымен кездесуі және басқа да әр күні тарихқа айналған отыз жылдың шежіресін осы көрмеден көруге болады.  

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 13.06.2021
  • 316
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика