• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі ережелері түсіндірілді

Өткен жұма күні Алматы облысына жұмыс сапарымен ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев келді. Сапар аясында 1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің енгізілуіне байланысты жұмыс барысындағы өзгерістер туралы облыс әкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен жиын өткізілді. Жиынға ҚР Әділет министрлігінің, аталған ведомствоның аумақтық департаменттерінің, облыстық соттың, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің өкілдері және басқа да жауапты тұлғалар қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Әділет министрі Марат Бекетаев кодекстің басты мақсаты қоғамда даулы мәселелердің туындауын азайту, мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей әуел бастан тиімді шешу екенін атап өтті. Жаңа кодекс билік органдарымен арадағы дауларды қарау кезінде жоғары тұрған органдарда немесе сотта азаматтар құқықтарын қорғаудың тиімді механизмдерін қамтамасыз етуге, сол сияқты азаматтардың басқару шешімдерін қабылдау процесіне нақты қатысуға мүмкіндік беретін кепілдіктер жиынтығын нығайтуға бағытталған. Құжаттың басты міндеті әкімшілік процестерді жүзеге асырумен, сондай-ақ мемлекеттік басқару саласында дауларды шешуге қатысты әкімшілік сот өндірістерімен тікелей байланысты қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады.

Жиын барысында облыстағы мемлекеттік органдардың өкілдері аймақта жүргізілген дайындық жұмыстары мен түсіндіру шаралары туралы айтып өтті. Сол сияқты толғандырған сауалдарын қойып, жұмыстың жаңа кезеңіне өтудің сапасын жақсартуға қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының базасында 1 шілдеге дейін 3839 мемлекеттік қызметші оқытылады. Бүгінгі күнге соның 3300-дейі оқу курсынан өтіп үлгерген.

Кездесу соңында облыс әкімі Амандық Баталов жаңа кодекс Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде қабылданғанын атап өтті. Оның талаптарын орындау – жалпыға бірдей маңызды міндет екенін еске салды.

- Осы кодекстің енгізілуі нәтижесінде өтініштерді қарау кезіндегі жауаптылық екі есеге салмақтана түседі, өтініштерде айтылған мәселелерді шешудің сапасы жақсарады. Біз өз тарапымыздан жұмысты уақытылы әрі сапалы ұйымдастыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз, - деді А. Баталов.

  • 14.06.2021
  • 254
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика