• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Қапшағайлық көп балалы әке мемлекет қолдауымен жеке ісін ашты

Алматы облысы Қапшағай қаласының тұрғыны, көп балалы әке Сәрсен Тұрлыбеков «Еңбек» бағдарламасымен жаңа кәсіп меңгеріп, гранттың арқасында жеке ісін ашты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспаөз қызметі.

Қапшағай қалалық әкімдігінің мәліметіне қарағанда, Сәрсен Тұрлыбеков 4 баланың әкесі, ІІ топтағы мүгедектігі бар. Өткен жылы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасымен Қапшағай қаласындағы «Dinat» оқу орталығында «Шаштараз» мамандығы бойынша қысқа мерзімдік курсын аяқтаған болатын. Мұнан соң бизнес-жоспарын қорғап, 200 айлық есептік көрсеткіш (583 400 теңге) көлемінде грант ұтып алды. Қолына алған қаражатқа жұмысына қажетті құрал-жабдықтар сатып алып, қазір қалалық сұлулық салонында еңбек етеді.

Қапшағай қаласының тағы бір тұрғыны микрокредиттің игілігін көрді. «Бизнес-Мектепті» бітірген Нұрланбек Сүлейменов «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның қайтарымды қаржысы есебінен 6 млн. теңге шағын несие алды. Соның арқасында манипулятор сатып алып, халыққа қызмет көрсетуде.

Ал Іле ауданының тұрғыны өзінің сүйікті ісін ірі бизнеске айналдырды. Тілек Әділхат жиһаз жасайтын цех ашып, қазір айына үш мыңдай орындық жасауда. Цехтың ақша айналымы орта есеппен 10 млн. теңге.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәліметіне сүйенсек, бизнесмен ісін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқудан бастаған. Оқуды аяқтаған соң «Жас кәсіпкер» бағдарламасымен 505 мың теңге гранқа ие болды. Өткен жылы Тілек Әділхат жиһаз жасайтын цехты дамыту үшін 6 млн. теңге көлемінде шағын несие де алды. Цехта қазір 7 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Істі бастаған кезде алғашқы үш тәулікте жұмысшыларды оқыттым, тегін шеберлік сағаттарын өткіздім. Қазір күн сайын үйге қажетті 100 орындық дайындаймыз. Біздің басты артықшылығымыз – тауарларымыз сапалы. Сондықтан тауарларымызды ондап, жүздеп алуға тапсырыс беретіндер көп. Өнімдерімізді Алматының және жергілікті жердің нарықтарына шығарамыз. Жаңа станоктар сатып алу арқылы ассортиментті көбейтіп, жұмыс істеп тұрған цехты кеңейту жоспарымда бар», - дейді кәсіпкер.

Атап өтсек, жыл басынан бері Алматы облысында 600 адам «Бастау-Бизнес» жобасын бітіріп шығып, өз жобаларына қаржы алған. Тек өткен жылдың өзінде осы жобаның асяында кәсіпкерлік негіздеріне 3 мыңнан астам адам оқытылды, 1,8 млрд. теңгеге 2 мыңнан астам жоба қаржыландырылған.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 16.06.2021
  • 292
Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика