- Блогтар
- Балаева А.Ғ.
Балаева А.Ғ.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккатпен кездесті
Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының директоры, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккатпен кездесті.
Әңгіме барысында А. Балаева Министрліктің жетекшілік ететін бағыттары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты.
Сонымен қатар, министр ведомство қызметкерлері 2021 жылғы 28 қыркүйекте ЮНЕСКО-ның ақпаратқа қол жеткізу бойынша жоспарлаған тренингіне қатысатынын растады.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР АҚДМ Қазақстан Республикасының Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы болып табылады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендіктерін растады.
- 16.06.2021
- 238