• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстанда eQonaq бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылды

heraton Nur-Sultan Hotel қонақ үйінде eQonaq - туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған бірыңғай ақпараттық жүйесінің жұмысы таныстырылды.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, вице-министр Ғабидолла Әбдірахымов, күш құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ туристік бизнес-қоғамдастық қатысты.

«Қазіргі негізгі міндеттердің бірі цифрландыру және туристердің келу процестерін жеңілдетуге арналған ақпараттық жүйелерді кеңінен енгізу», - деп атап өтті Ақтоты Райымқұлова.

Kazakh Tourism басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев шетелдік туристерді тарту мәселелерінде олардың санын ғана емес, атап айтқанда, туристер біздің елде қанша күн тоқтайтынын, қандай орындарға жиі баратынын, қандай қызметтерді пайдаланатынын білу маңызды екенін айтты.

«Туристің Қазақстанда болған күндер санын есептеу үшін қонақ үйде тұрғаны туралы мәліметтерді алу қажет. Біз әрбір қонақ үй өз қонақтарының есебін жүргізетінін және оларда осындай мәліметтердің бар екенін білеміз. Міндет- осы деректерді бірыңғай талдау жүйесіне жинақтау», - деді Ержан Еркінбаев.

Әзірлеушілердің хабарлауынша, eQonaq ҚР туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жүйелі іс -шарасы және бастапқыда туристік ағын статистикасын реттеуді көздеген болатын.

Сондай-ақ, өткен жылдың қаңтарында Президент шетелдік туристерді міндетті тіркеуден бас тартқаны белгілі. Енді бұл функция орналастыру орындарына бекітілген. Ал көші-қон қызметтеріне ақпарат берудің одан арғы процестерін оңайлату үшін eQonaq жүйесі осы міндеттерге сай интеграцияланған.

еQonaq жүйесін тәжірибе жүзінде пайдалануды Kazakh Tourism ұлттық компаниясы 2020 жылдың IV тоқсанында жүзеге асырған. Қазіргі уақытта жүйе Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы 383 орналастыру орнында (қонақ үйлер, хостелдер, демалыс үйлері және т.б.) 21985 туристі тіркеп, енгізген.

Сонымен қатар, жүйені әзірлеушілер Ashyq жүйесімен интеграциялауды жоспарлап отыр.

«Өздеріңіз білетіндей, Ashyq жүйесінің арқасында біз кинотеатрларға, дәмханалар мен мейрамханаларға қайта бара бастадық. Ол үшін тек өзіңіздің ЖСН енгізіп, QR кодты сканерлеу қажет. Алайда шетелдіктер ЖСН қазақстандық сәйкестендіргішсіз жүйені пайдалана алмайды, жүйеде шетелдіктер туралы деректер жоқ. Бұл деректерді біз eQonaq жүйесі арқылы ала аламыз. Бұл туристерге ел ішінде қауіп- қатерсіз жүруге мүмкіндік береді, сонымен қатар біз үшін туристер тоқтаған жерлерге ғана емес, сонымен бірге олар орналасқан жерлерге де қосымша мәліметтер қосады. Бұл туризм саласындағы инфрақұрылымды жоспарлау кезінде де көмектеседі, өйткені біз туристер-легін көреміз», - деп мәлімдеді Ержан Еркінбаев.

Осы жылдың маусым айында Алакөл, Балқаш, Атырау және Ақтау қонақ үйлеріне eQonaq енгізу жоспарланған. Жыл соңына дейін еліміздің басқа да туристік аймақтарын қамту және eQonaq жүйесі бар қонақ үйлер санын 600-ге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Біздің анықтама: Kazakh Tourism ұлттық компаниясы Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 2017 жылғы шілдеде құрылған. Компанияның негізгі міндеті-елдің туристік әлеуетін шетелде ілгерілету, MICE іс-шараларын тарту, сондай-ақ Қазақстанның туристік саласына инвестициялар тарту.

  • 17.06.2021
  • 246
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика