• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Джувашев А.Б.
Джувашев А.Б.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Азық-түлік келісімшарт корпорациясының ішкі нарықты тұрақтандыруға қатысуы» баспасөз-релизі

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-тың (бұдан әрі - Азық-түлік келісімшарт корпорациясы) негізгі міндеттерінің бірі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Қазақстанның ішкі астық нарығын тұрақтандыру болып табылады.

2020 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық сатып алу бағдарламасын қалпына келтіру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясының жарғылық капиталына республикалық бюджеттен 24,5 млрд.теңге бөлінді.

Осы бағдарлама бойынша 2020 жылы Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының 300-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі қаржыландырылды, 480 мың тоннадан астам астық сатып алынды.

2020 жылдың қорытындылары бойынша форвардтық сатып алу бағдарламасы ауыл шаруашылығы өндірушілерінде аса сұранысқа ие және өзін ауыл шаруашылығы субъектілеріне кредит беру тапшылығы жағдайында қаржыландырудың қолжетімді құралы ретінде көрсетті.

Ішкі нарықты тұрақтандыру бойынша негізгі функцияны орындау шеңберінде сатып алынған көлемдер есебінен 2021 жылғы қаңтардан бастап Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 410 мың тоннадан астам астықты сатты.

Атап айтқанда, ұн тарту компанияларына 325 мың тонна астық сатылды, соның салдарынан ағымдағы жылы нан бағасының күрт ауытқуы байқалмайды, ұнға байланысты дүрлікпе жоқ, мысалы, көршілес астық державасы – Ресейдегі сияқты астық экспортын жабу немесе шектеу туралы мәселе туындаған жоқ.

Бұдан басқа, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өндірушілері жеткізген астықтан жемшөп қорын құрды. Мал шаруашылығы және құс шаруашылығы кәсіпорындарының қажеттіліктері үшін барлығы 100 мың тонна астық, оның ішінде 17 мың тонна 4 класты бидай және 24 мың тонна арпа сатылды.

Нарықтағы бағаның маусымдық өсуіне қарамастан, әкімдіктердің өтінімдері бойынша республиканың 20-ға жуық мал шаруашылығы кәсіпорнына жалпы көлемі 23 мың тоннадан астам 4 класты арпа мен бидай белгіленген бағалар бойынша жеткізілді.

Атап айтқанда, Маңғыстау облысында қалыптасқан жағдайға (жем-шөптің жетіспеушілігі) байланысты Азық-түлік келісімшарт корпорациясы фермерлік шаруашылықтарды жемдік астықпен нарықтық бағадан 17%-ға төмен бағамен қолдау бойынша жедел шаралар қабылдады. Қабылдауға ыңғайлы болу үшін және одан әрі мал шаруашылықтары арасында тарату үшін арпа алдын-ала 50 кг қапшыққа бөліп салынған. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына арпа жөнелтілімі ұйымдастырылу барысында.

Азық-түлік келісімшарт корпорациясына жүгінген 15 құс фабрикасының атына 66 мың тоннадан астам астық сатылды. Құс фабрикалары арасында 9 жұмыртқа және 6 ет бағытындағы астықты сатып алушылар бар.

Мысалы, 2018 жылы пайдалануға берілген Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасы - «Макинск құс фабрикасы» ЖШС Азық-түлік келісімшарт корпорациясын шикізаттың негізгі жеткізушісі ретінде таңдады. Құс фабрикасының атына астықты белгіленген баға бойынша жеткізу үздіксіз жүзеге асырылады, бұл маусым бойы түпкілікті өнімнің құнын жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Дәстүрлі дақылдардан басқа (бидай, арпа) Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 5,3 мың тонна күнбағыс және 300 тонна қарақұмық сатып алды. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ішкі нарықты кейіннен дайын өнім-күнбағыс майы мен қарақұмық жармасымен қамтамасыз ету үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына осы көлемді сатуды жоспарлап отыр. 

Ел өңірлерін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге қатысу шеңберінде, сондай-ақ жазғы кезеңде қант нарығындағы қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 10 мың тонна көлемінде қант қорын қалыптастырды, олар да ішкі нарыққа бағытталатын болады.

Қолда бар қорлар туралы ақпарат облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға және Қазақстанның көтерме-бөлшек сауда желілеріне үнемі жеткізіледі.

  • 18.06.2021
  • 457
Джувашев А.Б.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы

Джувашев А.Б.

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика