• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қалибек Қуанышбаев атындағы театрда «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклі сахналанды

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың халықаралық шығармашылық кездесуі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан ән-би ансамблі Қ.Жүнісовтің «Жеңіс жалауы» әскери-музыкалық спектаклін сахналады.

Қойылымның премьерасына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы Руслан Жақсылықов қатысты.

Ақтоты Райымқұлова іс-шара барысында театр өнерін жандандыруға үлес қосып жүрген мамандардың еңбегін елеп, алғыс айту мақсатында Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актрисасы Бақтыгүл Батырханова мен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облысы академиялық қазақ драма театрының дыбыс режиссері Сәуле Мұстафинаны «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.  

«Бүгін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда күніне орай ұйымдастырылған «Елорда – өнер өлкесі» атты Қазақстан, Өзбекстан, Қызғызстан театрларының шығармашылық кездесуінің екінші күні. Осы орайда біз Сіздермен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан ән-би ансамблінің жанынан құрылған жаңа театрдың «Жеңіс жалауы» спектаклін тамашалағалы отырмыз. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде отан үшін жанын пида еткен аталарымыздың ерлігінен сыр шертетін бұл әскери-музыкалық спектакльдің маңызы зор. Біз сол ұлы жеңіске жеткен бабалар рухына тағзым етеміз. Сол ерлік дәстүрін жалғап, бейбіт күннің сақшылары болған ұлттық ұлан бүгінде күндіз-түні тынықтығымызды қамтамасыз етіп келеді»,-деді Мәдениет және спорт министрі. 

Режиссер Дәурен Серғазиннің жетекшілігімен қойылған спектакль екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Берлиндегі Рейхстагқа жеңіс туын тіккен қазақтың ержүрек азаматы, «Халық Қаһарманы» Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайлы. Сонымен қатар бүгін екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия әскерінің Кеңес Одағына бас-көктеп кіргеніне тура 80 жыл толып отыр.  

«Тарих көрсеткендей, Рейстагқа жеңіс туын тіккендер қатырында көп жауынгердің есімі аталады. Алайда алғашқы болып жеңіс жалауын қадаған Рақымжан Қошқарбаевтың есімі осы күнге дейін тасада қалып жатады. Қойылымды қоюдағы мақсат – ел халқы мен өскелең ұрпаққа Рақымжан атамыз бастаған қазақ жастарының ұлы жеңісті жақындатуға қосқан үлесін, олардың майдан даласындағы ерлігін әспеттеу»,-дейді Дәурен Серғазин.

  • 23.06.2021
  • 309
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика