• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Алматы облысында еріктілер саны 7 мыңға жетті

Алматы облысында биылғы жылдың басынан бері еріктілер ұйымдарының саны көбейіп, бүгінгі күні 95-ке, ал тіркелген еріктілер саны 7 мыңға жеткен. Сол сияқты жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 2 есеге артып, 2021 жылы 76 млн. теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында Волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы туралы сөйлеген сөзінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.        

А.Баталов Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыста еріктілік қызметті ары қарай дамыту жөніндегі жұмыс Жол картасына сәйкес жүзеге асырылып жатқаны туралы баяндады. Өңірде 2020 жылдан бастап еріктілер, белсенді жастар мен студенттердің жобаларын жүзеге асыратын фронт-офис жұмыс атқаруда. 2021 жылдың басында еріктілер ұйымдарының саны 36, тіркелген еріктілер саны 4012 болса, белсенді жұмыстың нәтижесінде небары жарты жылда  ұйымдар саны 95-ке, еріктілер қатары 7 мыңға жеткен.

Облыста жастардың бастамаларын қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 2 есеге көбейтілді. Мәселен, 2020 жылы 31 млн. теңге қарастырылса, бұл көрсеткіш 2021 жылы 76 млн. теңгені құрап отыр.

Өңір әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысы айқындаған 7 еріктілік бағыт және «Қайырымды істер марафоны» аясында облыста 1043 акция өткізілген. Мұқтаж болған 75 отбасы баспаналы болды, 6,5 мың жанұяға 130 млн. теңгеге азық-түлік себеттері таратылып, 60 мыңнан астам тұрғынға әртүрлі көмек көрсетілді.

- «Біргеміз Таза әлем» жобасы аясында 50 мың адамның қатысуымен 134 экологиялық акция ұйымдастырылып, 41,8 мың түп ағаш отырғызылды. «Egov – жаршысы» жобасы аясында 100 ерікті өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарында тұрғындарға қызмет етуде. Төтенше жағдай кезінде біздің еріктілер мұқтаж жандарға жедел көмек көрсетіп, жоғары азаматтық ұстаным танытты, - деп атап өтті А. Баталов.

Сол сияқты шілде айында Жол картасын орындау мақсатында Қапшағай қаласында ең үздік волонтерлік топтар көшбасшыларының жыл сайынғы республикалық слетін өткізу жоспарланып отыр.

Жетісулық жастар Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мерейтойлық шараларына да белсене қатысуда. Облыста олар 30 бастаманы қолға алды және дарынды жастар «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасына да атсалысады.

Еріктілер бастамалары мен жобаларын жүйелі дамыту үшін облыстың әр аудан, қалаларында Талдықорғандағы жастарға қызмет көрсету орталығы үлгісінде осындай орталықтар салынады.

Сонымен қатар селекторлық жиын соңында облыс әкімі тиісті басқармаға жастардың еріктілер ұйымдарын қолдауды одан әрі жалғастыруды тапсырды. «Ерікті жастар тек індетпен күрес кезінде ғана емес, мұқтаж жандарға тұрақты қол ұшын беріп, жалпы қоғам өміріне белсене араласуы тиіс», - деді А. Баталов.

  • 23.06.2021
  • 223
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика