• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен түйісетін жолдар мәселесі талқыланды

Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен түйісетін облыс аумағындағы радиалды жолдардың құрылысына қатысты Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жобаға қатысушы іргелі мекеменің бірі «Alsim Alarko» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Жеңіс Тұяқов Алматы қаласы шекарасынан бастап ҮАААЖ-ға дейін салынатын облыс аумағындағы 6 радиалды жолдың құрылысына қатысты жұмыстардың жай-күйінен қысқаша хабардар етті. Жалпы Қарасай мен Іле аудандарының аумағы арқылы алып жолға түйісуі тиіс 6 жолдың ұзындығы 36 шақырым. Осы 6 жолдың 5-еуінің жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған. Яғни, Абай, Саин, Рысқұлов, Тілендиев және Солтүстік жартылай айналма жолдарының жобасы дайын. Ал Ақын Сара көшесінің жобасына Алматы қаласының Бас жоспарының өзгеруіне байланысты түзетулер енгізілуде. Әзірге Саин көшесі бойынша жер учаскелерінің мәселесі толық шешілген. Құрылысы жұмыстарына 2,7 млрд. теңге бөлінген.

Кездесуге арнайы келген «Alsim Alarko» компаниясы бас директорының орынбасары Аббас Шахин өздерінің ҮАААЖ жобасына қатысушы ретінде облыстың радиалды жолдарының құрылысына байланысты өз ұсыныстарын жеткізді. ҮАААЖ құрылысы аяқталғанға дейін оған келіп түйісетін жолдардың да толық дайын болуына бар күш-жігерін жұмсайтын ниеттерін білдірді.

Амандық Баталов құрылыс саласында тәжірибесі мол мердігер ұйымның облыспен серіктестік байланыстарын нығайту туралы ұсыныстарына ризашылығын айтты. Әңгімелесу барысында облыс әкімі компанияның құрылыс конструкцияларының қайдан әкелінетінін, қанша жұмысшы жұмыс істеп жатқанын сұрап білді. Компания өкілі Аббас Шахиннің айтуынша, құрылыс жұмыстарында 1100-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның 93%-і жергілікті мамандар. Жиын барысында «Alsim Alarko» компаниясының ҮАААЖ жобасын іске асыру жұмыстары туралы шағын бейнеролик көрсетілді.

Облыс басшысы радиалды жолдардың құрылысын жүзеге асыру жобасының серіктестік шарттары Үкімет деңгейінде талқыланып, тиісті шешім қабылданатынын айтты.  

- Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы – өте ауқымды жоба. Сондықтан бұл жобаның шеңберінде тәжірибесі мол, техникасы көп, мамандары жеткілікті осындай ірі мердігер компаниямен жұмыс істеу – бізге де тиімді. Екі тарап та істі нақты, сапалы, дер кезінде атқарса, соның нәтижесінде жасалған жұмыс халықтың игілігіне айналса, біз үшін басты мақсат сол, - деді А. Баталов.

 

Жиын барысында «Alsim Alarko» компаниясы өкілдері жеңіл рельсті көлік қатынасы құрылысына, электр энергиясы саласына қатысты да жобаларға қатысуға әлеуеті бар екендіктерін айтты. Бұл ретте облыс басшысы аталған құрылыс ұйымын жоғарғы Талғар және жоғарғы Қаскелең трассаларының реконструкциялау жұмыстарына, Талдықорғандағы «Басқуат» қазандығын қайта жаңғырту ісіне тартуға болатынын айтып, тиісті сала мамандарына арнайы тапсырма берді. Өңірдегі аталған салалардың лауазымды тұлғалары мен қала әкімдігі «Alsim Alarko» компаниясы мамандарымен кездесіп, мәселелерді егжей-тегжейлі талқылайтын болады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 23.06.2021
  • 274
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика