• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ақтоты Райымқұлова «Ұлы Дала Таңы» фильмінің түсірілім алаңында болды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бастаған делегация Алматы облысы Қапшағай қаласының маңында орналасқан «Ұлы Дала Таңы» фильмінің түсірілім алаңына барды.

Министр тарихи кинотуындының шығармашылық тобымен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. «Түсірілім алаңында бар күшін салып жұмыс жасап жатқан барлық түсіру тобына ерекше алғысымды білдіріп, сіздерге артып отырған үмітіміз зор екенін жеткізгім келеді. Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге сәттілік тілеймін», - деді Ақтоты Райымқұлова.

Түсірілім алаңында журналистер шығармашылық топтың күрделі сахналардың бірі – Ұлытаудағы шайқастың түсірілімін тамашалап, үзіліс кезінде режиссер Ақан Сатаевпен және басты рөлдегі актер Берік Айтжановпен сұхбаттасты.

- Түсірілімдер ойдағыдай жүріп жатыр, жұмыстың жартысы аяқталды. Бүгін түсірілімнің 41-ші күні, біз шешуші әрі қиын сахналардың бірін түсіреміз. Түсірілімге 300-ге жуық адам қатысады – 56 каскадер, 200-ден астам шабандоз бар. Жұмыс жоспар бойынша жүруде, – деді Ақан Сатаев.

Сондай-ақ, режиссер шілде айының басында Алматы облысы Кеген ауылының маңында Қасым хан ауылының көшін түсіретінін, ал кейін түсіру жұмыстары Іле өзенінің бойында осы фильмге бейімделген «Түркістан» декорациясында жалғасатынын хабарлады.

«Ұлы Дала Таңы» тарихи фильмі Қасым ханның өмірі, хандық билігі мен Қазақ хандығының гүлденіп, нығаюы жолындағы күресі туралы баяндайды. Кинотуындыны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсіріп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, «Ұлы Дала Таңы» фильмінің түсірілімі биыл ақпан айының соңында Алматы облысы Көктал кентінің маңында басталды. Жобаның шығармашылық ұжымы: Бас продюсері – Әлия Назарбаева, сценарий авторлары – Бекболат Шекеров пен Ақан Сатаев; қоюшы суретші – Қуат Тлеубаев; қоюшы операторы – Хасан Қыдыралиев; грим бойынша суретшілер – Лидия Ордынская, Ботагөз Әбдібаева; костюм бойынша суретші – Дина Буксикова.

Тарихи жобаның ғылыми кеңесшілері: тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев; философия және сәулет өнері докторы Алмас Ордабаев; суретші-кескіндемеші, тарих ғылымдарының кандидаты, этнограф-қару жасаушы Қалиолла Ахметжан және басқалар.

Фильмде түсіп жатқан актерлер: Берік Айтжанов (ересек Қасым хан), Данияр Оразаев (жас Қасым хан), Айдос Әбдіқадыров (жас Бұрындық хан), Ерік Жолжақсынов (ересек Бұрындық хан), Нұрлан Әлімжанов (Мұхаммед Шайбани), Алтынай Нөгербек (жас Жахан Бегім), Шамшагүл Меңдиярова (қарт Жахан Бегім), Тұңғышбай Жаманқұлов (ересек Әли Рашид), Қуаныш Құдайберген (жас Әли Рашид) және т.б.

  • 29.06.2021
  • 274
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика