• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Білім нысандарындағы балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық мектептер, яғни 760 мектеп, 186 балабақша және 43 колледж толығымен бейнебақылау камераларымен қамтылған. Қазір осы камераларды жедел басқару орталығына байланыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен селекторлық режимде өткен Үкімет отырысында білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы баяндаған сөзінде облыс әкімі А. Баталов айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жалпы Алматы облысында 760 жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерде 428 мың оқушы білім алуда. Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық мектептер мен балабақшаларда және колледждерде жалпы саны 989 камера орнатылғанын айтты. Алайда, бұл камералар жедел басқару орталығына шығарылмаған. Осыған байланысты өңірде мектептердегі қауіпсіздік жүйесін стандартқа сәйкес жаңғырту жұмыстары басталды.

- Биылғы жылы облыстық маңызы бар Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалаларының 47 мектебінің бейнебақылау жүйесі жаңартылып, полиция департаментінің Жедел басқару орталығына шығарылады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ, осы мектептерде 187 млн. теңгеге бақылау жүйесі бар турникеттер орнатылады және мектептерді мамандандырылған күзет компаниялары күзететін болады, - деді А. Баталов.

Баяндамашының сөзіне сүйенсек, биыл облыс мектептерін 100 процент «дабыл түймелерімен» қамтамасыз ету үшін бюджеттен 106,4 млн. теңге қаралған. Ал 2022 жылдың соңына дейін 713 мектепте қауіпсіздік жүйелері жаңартылатын болады.

Өңірде 743 жалпы білім беретін мектеп жылы дәретханалармен қамтамасыз етілген, қалған 17 дәретхана биылғы жылдың соңына дейін жөнделеді.

Амандық Баталов оқушылардың арасында буллингтен қорғану жөнінде алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 30 млн. теңге бөлінгенін атап өтті. Сол сияқты кәмелетке толмағандарға шұғыл эксперименттік-психологиялық кеңес беру үшін 21 жұмыс тобы құрылған. Осы жерде айта кетсек, «Ресурс» балалардың психикалық жағдайын диагностикалаудың автоматтандырылған жүйесі арқылы 7-11 сыныптардың 99 мыңға жуық оқушысы компьютерлік тестілеуден өткен, сондай-ақ 1084 педагог-психолог қайта даярлау курстарында оқытылды.

Сонымен бірге балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыста соңғы екі жылда 940 млн. теңгеден астам сомаға оқушылар тасымалдайтын 71 жаңа заманауи үлгіде жабдықталған автобустар сатып алынып берілген.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

  • 29.06.2021
  • 231
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика