• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Мырзабосынов Е.Қ.
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың шығармашылық кездесуі аяқталды

Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Бопай ханым» тарихи трагедиясымен «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың шығармашылық кездесуі аяқталды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда күніне орай Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ұйымдастырған алғашқы театр фестиваліне елімізбен қатар Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының өнер ошақтары қатысты.  

«Бопай ханым» қойылымын көрермендермен қатар Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов пен шығармашылық кездесуге келген театр жетекшілері тамашалады.  

Ақтоты Райымқұлова бұл шығармашылық кездесуі бауырлас елдер арасындағы мәдени байланысты жандандыруға тың серпін беретінін айтты.

«Бүгін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен елорда күніне орай ұйымдастырылған «Елорда – өнер өлкесі» атты театрлардың шығармашылық кездесуі мәресіне жетіп жатыр. Алғаш рет өткен тетар фестиваліне көршілес, бауырлас Өзбекстан мен Қырғыз Республикасының өнер ошақтары келді. Барлық тетар таңдаулы қойылымдарын сахналап, қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынды.

Көршілес мемлекеттердің театрларымен арадағы байланысты нығайту, Нұр-Сұлтан қаласын мәдени орталық ретінде ілгерілету, көрермендерді театр өнеріндегі таңдаулы қойылымдармен таныстыруды мақсат еткен «Елорда – өнер өлкесі» өз іргетасын мықтап қалады деп сенемін. енді жыл сайын орныққан әріптестік жанданып, жоғары деңгейге жалғаса берсін. Шығармашылық кездесу аясында өткен семинарлар, шеберлік сабақтары қатысушыларға пайдасын тигізді деп ойлаймын.

Жалпы адами құндылықтарды насихаттап, халықты ізгілікке үндейтін театр өнері өз миссиясын қалтқысыз атқаруды тоқтатқан емес. Мәдениет және спорт министрлігі пандемияға қарамастан мәдениет ошақтарын қаржыландыруды тоқтатпады. Біз осы арқылы күнделікті өмір салтынан қол үзіп қалған халықтың еңсесін тіктеуге үлес қосып келе жатырмыз. Барлық қатысушы театрға сәттілік пен бай репертуар тілеймін! Біз Сіздермен осындай алқалы фестивальдерде бірлесе өнер көрсетуге, ынтымақтастық орнатуға әрқашан дайынбыз»,-деді.

Ал сөз соңында Қ.Қуанышбаев атындағы театдың халық аспаптар ансамблін халықаралық фестивальде жүлдегер атануымен құттықтады.

«Осы орайда Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының Халық аспаптар ансамблі Еуропа фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен AsiaFolk 2021 онлайн фестивалінде Гран-при, ал домбрашылар ансамблі І дәрежелі Дипломға ие болды. Сонымен қатар Францияда өткен NOUVELLES ETOILES атты халықаралық онлайн-байқауда «Классика және джаз» номинациясында 1-ші орын алғанын айта кеткім келеді. Ансамбль мен көркемдік жетекшісі әрі дирижері Маралжан Мырзақұлованы шын жүректен құттықтаймын»,-деді министр.

Қойылымнан кейін Ақтоты Райымқұлова барлық қатысушы ұжымға арнайы диплом табыстады. 

  • 01.07.2021
  • 364
Мырзабосынов Е.Қ.

ҚР Туризм және спорт министрі

Мырзабосынов Е.Қ.
(Мұрағат)

ҚР Туризм және спорт министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика