• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан соңғы үлгідегі «Тор» зениттік-зымыран кешенін сатып алмақшы Қайта оралу

Бас қолбасшылар мен қолбасшылар барынша жеке құрам жұмылдырылған мамандық бойынша даярлық барысын баяндады. Жауынгерлік оқудың бұл кезеңінің қорытындысы алдағы аптадағы бақылау сабақтарының нәтижелеріне қарай шығарылатын болады.

Әскери оқу орындарын бітіру рәсімдеріне байланысты, шілдеде жас офицерлер мен сержанттар әскерлерде қызмет атқаруға барады. Қолбасшыларға олардың қызметтік міндеттерге бейімделуін, лауазымды қабылдауын, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуді қарастыруын қамтамасыз етуге нұсқау берілді.

Қарулы Күштердегі COVID-19-ға ұжымдық иммунитет қалыптасқанын ескере отырып, жауынгерілік даярлық шаралары толық деңгейде өткізілуі тиіс. Бас әскери-медициналық басқармасының бастығы жеке құрамның 82 пайызы екпенің екі компонентін алғанын баяндады. Сонымен қатар, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау өзекті күйінде қалып отыр.

Бұдан өзге де, қорғаныс министрі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды күшейтуге байланысты өңірлердегі әкімшіліктермен алдын алу шараларына Қарулы Күштерді қатыстыру мәселесін қарауды тапсырды. Атап өтсек, объектілерді дезинфекциялау, әскери-далалық госпитальдерді ашу, азаматтарға көмек көрсету үшін медицина топтарын құру.

Қорғаныс ведомствосында қаржы тәртібінің мәселелері де қаралды. Өткен 5 айға жүргізілген  мониторинг пен қызметтік талдаудың нәтижесіне келсек, объективті және субъективті себептерге орай бюджет қаражатын уақытылы игермеу жағдайы орын алған. Министр мемлекеттік сатып алуды заңға сәйкес үнемі бақылауда ұстауды, әскерге бөлінген қаражатты мақсатқа сай уақытылы игеруді, ал бұзушылықтар орын алған жағдайда – кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды.

Аталмыш отырыста әскерді қайта жарақтандыру іс-қимылы баяндалды. Бүгінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары басты назарда. 2019-2020 жылдары Қазақстан әскерінің қарулануына Ресейдің «Бук» зениттік-зымыран кешендері, Белоруссияның «Роса» радиолокациялық станциялары, сондай-ақ еліміздің әуе шептерін қорғауында тұрған отандық «Нұр» РЛС жеткізілді.

Жуырда заманауи «Тор-М2К» зениттік-зымыран кешендерін жеткізу жоспарлануда. «Тор-М2К» кез-келген үлгідегі ұшақтар мен тікұшақтарды, соның ішінде «көрінбейтін» технологиямен жасалған тікұшақтарды ғана емес, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттарын, жоғары дәлдіктегі қаруды, соның ішінде радиолокацияға қарсы және қанатты зымырандарды, басқарылатын авиациялық бомбаларды анықтап, жоюға қабілетті.

Қазіргі уақытта уәкілетті орган (Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) жеткізушімен шарттар жасасуда. Қорғаныс министрлігі аталған кешенді әзірлеген зауытта отандық ӘШҚҚ әскерлерінің мамандарын оқытуды жоспарлап отыр.

  • 01.07.2021
  • 251
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика