- Блогтар
- Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.
Алматы облысының әкімі
Алматы облысында 40-тан астам өңдеуші кәсіпорын тауарын экспорттайды
Алматы облысында 40-тан астам кәсіпорын тауарларын шетелдерге экспорттайды. 2020 жылы өңірде өңдеу өнеркәсібі экспортының көлемі 370 млн. АҚШ долларын құраған. Бұл туралы өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында құрылған Алматы облысының экспорт жөніндегі өңірлік кеңесінің отырысында айтылды.
Облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркмен, Қытай негізгі саудадағы серіктес елдер қатарында. Соңғы жылдарда «Лепсі өнімдері» ЖШС-ның балы, «Текелі» тау-кен өңдеу кешенінің шойындары, «Алюминиюм оф Қазақстанның» алюминий профильдері, «Arba wine» шараптары, «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-ның тез дайындалатын кеспелері, «Қаратал Балықтың» көксерке жаясы және басқа да кәсіпорындардың өнімдері экспортқа шығарыла бастады. Бұл кәсіпорындар мемлекеттік бағдарламаларың қатысушысы болып отыр.
Атап өтсек, 2020 жылы Алматы облысының ішкі өңірлік өнімінің көлемі 2,3 трлн. теңгені құрады. Бұл ретте аймақтың тауар айналымы өткен жылы 3,1 млрд. АҚШ доллары шамасында болды. Соңғы 5 жылда сыртқы тауар айналымы өңірде 78,5 % көтерілген, ал тау-кен өндірісі секторында бұл көрсеткіш 32,4 % ұлғайды.
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
- 03.07.2021
- 265