- Блогтар
- Абдуллин Т.Т.
Абдуллин Т.Т.
ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы
Астана күнімен құттықтау!
Құрметті достар, шын жүректен Астана күнімен құттықтаймын!
Болашағы жарқын жас елорданың көз сүріндірер келісті келбеті күн санап жасарып, көркейіп, гүлдене түсуде. Мұнда халықаралық дәрежедегі спорттық додалар мен әлемдік ауқымдағы маңызды басқосулар өткізілуде.
Сәні мен салтанаты келіскен, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ХХІ ғасырдың көркем сәулетті қаласы – Астана арман емес, ақиқатқа айналған, қиял емес, азғана уақыт аралығында қолымыз жеткен шынайы тарихи жетістік.
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астананың әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымызды білдіремін.
Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін! Сүйікті қаламыз – ару Астана көркейе берсін!
- 06.07.2021
- 285