• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Астана күнінде Талдықорғанда Олимпиадалық бассейн ашылды

Бүгін Астана күніне орай Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Талдықорған қаласында  Орта Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейні іске қосылды. 570 орындық, екі қабатты бассейн ғимаратының сыртқы кейпі теңізде жүзіп жүрген алып балықты елестетеді. Мұнда жас спортшылар су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзудың барлық түрінен жаттыға алады. Болашақта ғимараттың халықаралық жарыстар өткізуге де мүмкіндігі бар. Нысанның салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов, мемлекет қайраткері, генерал-лейтенант Амангелді Шабдарбаев, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас директоры Нұрлан Нөгербек, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бірқатар депутаттары, Ермахан Ыбрайымов, Илья Илин, Ардақ Назаров сияқты бірқатар чемпион спортшылар қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада алдымен сөз алған облыс әкімі Амандық Баталов Олимпиадалық жүзу бассейнінің Астана күні ашылғаны халық үшін, спортшылар үшін тамаша тарту болып отырғанын атап өтті.

- Елбасы мен Президенттің еліміздегі спортқа көңіл бөлу туралы тапсырмаларына сәйкес бүгінде Алматы облысында 13 дене шынықтыру сауықтыру кешені жұмыс істеп тұр. Бүгін, міне, әлемдік стандартқа сай, Орта Азияда теңдесі жоқ жүзу бассейні салтанатты ашылуда. Бұл нысан өскелең ұрпақты спортқа баулуға үлкен серпін береді және осы жерден еліміздің даңқын шығаратын мықты спортшылар тәрбиеленіп шығады деп сенемін. Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай іске қосылып отырған жүзу бассейні құтты болсын! - деген А. Баталов індет жағдайында нысанның құрылысын жауапкершілікпен, сапалы жүргізген «Базис-А» компаниясының ұжымына шынайы ризашылығын жеткізді. Сол сияқты Жетісу өңірінен шыққан Олимпиада чемпиондары Мәулен Мамыров, Карина Горичева, Айдын Смағұлов, Раушан Қойшыбаева, Асхат Житкеев, Юрий Мельниченко, Зульфия Чиншанло сияқты спортшылардың атын атап, жүзу бассейнінен жаттығып шыққан талай жастар ертең осы чемпиондардың жолын жалғайтынына сенім білдірді.

Мұнан соң бокстан Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов сөз алып, бүгінгі ашылып отырған олимпиадалық стандарттағы жүзу бассейні Алматы облысы үшін ғана емес, тұтас Қазақстан үшін айтулы оқиға деп есептейтінін айтты. «Өйткені мұнда біздің спортшылардың әлем чемпиондары, Олипиада чемпиондары болуына барлық жағдай жасалған», - деді ол. Қазақстан Республикасының жүзуден бірнеше дүркін чемпионы Мария Федотова да бүгінгі күні өңір спортшылары Токио Олимпиадасына 11 жолдама жеңіп алғанын тілге тиек етіп, балалар мен жасөспірімдерді спортқа баулуға жасалған зор мүмкіндіктер үшін ел ағаларына алғысын білдірді және  халықаралық жарыстарда елдің туын көкте желбіретуге бар күш-жігерлерін жұмсайтынын айтты.

«Bazis-A» халықаралық құрылыс компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Александр Белович нысанның символдық кілтін «Талдықорған орталық жүзу бассейні» облыстық су спорт түрінен мамандырылған спорт мектебінің директоры М.Сүйіновке тапсырды.

Қонақтар бассейн ішін аралап, ғимараттың мүмкіндіктерімен танысты. Сол сияқты су спорты түрлерінен спортшылардың көрсетелімін тамашалады.

Бассейннің ашылуына жасөспірімдер де бар ынтасымен қуануда. Мәселен, Талдықорғандағы № 14 мектептің 11 сынып оқушысы Ислам Каримов 5 жылдан бері жүзумен айналысып келеді.

- Жасым 16-да. Жүзуге ден қоя бастаған 5 жылдың ішінде біршама жетістікке жеттім. Ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионы болдым, спорт шеберімін. Жүзумен кәсіби түрде айналысамын деп шештім. Бүгінге дейін біз шағын "Өркен" спорт кешенінде жаттығатын едік. Енді  осындай заманауи ірі бассейнде жаттығуымызға зор мүмкіндік туды. Мұндағы бассейн ұзындығының 52 метр болуы ұзаққа жүзудегі шыдамдылықты шыңдайды. Мемлекет жастарға спортпен айналысуға барлық жағдайды жасап отыр. Бүгін ерекше қуанышқа кенеліп тұрмыз. Осындай бассейн салынғаннан кейін суда жүзуге қызығушылығы артатын балалар көбейеді деп ойлаймын, - дейді Ислам Каримов.  

Жалпы осы заманауи жүзу бассейні 3,8 га жерді алып жатыр. Бұл ғимараттың жалпы ауданы 13 мың шаршы метрден асады. 570 орынға арналған жүзу бассейнінің құрылысына 11,4 млрд. теңгеден астам  қаражат жұмсалған. Ғимараттың сыртқы кейпі теңізде жүзіп жүрген алып балықты елестетеді. Мұнда 3 бассейн бар, соның ішінде ең үлкенінің ұзындығы – 52 метр, ені 25 метр. Бұл ғимаратта ниет білдіргендер су добы, суға секіру, аквааэробика сияқты жүзудың барлық түрінен жаттыға алады. Бассейн жыл бойы түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар өткізуге, сол сияқты азаматтарды саламатты өмір салтына бейімдеуге, балаларды жүзуге үйретуге арналған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да барлық жағдай жасалған. Алдағы уақытта триатлон, байдаркада есу, каноэ және басқа да бөлімдер ашу жоспарда бар. Бассейн арқылы Талдықорғанның болашақта су спортының орталығы болуына мүмкіндігі бар.

Жалпы облыста 3 мыңнан аса спорт нысандары мен 43 спорт мектептері бар, онда 42 мыңға жуық бала спортпен шұғылданады. Облыс бойынша 667 мыңнан астам адам немесе жалпы халық  санының 32% дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысады.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 07.07.2021
  • 237
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика