• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талғар ауданында мал азығын дайындайтын зауыт іске қосылды

Алматы облысында етті және сүтті бағыттағы ірі қараға, құс пен балыққа арналған 10 түрлі жем дайындайтын зауыт пайдалануға берілді. Талғар ауданында орналасқан «Байсерке-Агро» ЖШС жанынан ашылған жаңа кәсіпорын жылына 36,5 мың тонналық қуаттылыққа ие, жобалық құны 1,4 млрд. теңге. Зауытта 15 жұмыс орны ашылды. Нысанның іске қосылу салтанатына облыс әкімі Амандық Баталов, «Байсерке-Агро» агрохолдингінің президенті Темірхан Досмұхамбетов, өңірге жұмыс сапарымен келген бір топ сенаторлар, ғалымдар мен аграрлық сала мамандары қатысты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Талғар ауданы әкімінің орынбасары Ермек Толқыновтың айтуынша, ауданда бұған дейін мұндай ірі зауыт болған жоқ және малдың жемі көрші аудандардан жеткізілетін. Енді зауыт толық қуатына шыққанда, «Байсерке Агро» агрохолдингке мол жем қорын қалыптастырып қана қоймай, ауданның, тіпті облыстың аумағындағы малмен айналысатын шаруашылықтар үшін зор пайда әкелмек.

- Мал басын азайтпау тәсілінің бірі – оған қажетті жем қорын қалыптастыру. Сондықтан мал азығын дайындайтын жаңа зауыттың ашылуы өңірдің ауыл шаруашылығы үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Технологияны сақтау, ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеу өте маңызды. Сонда біз мал басы санын өсіріп қана қоймай, су және басқа да табиғи байлықтардың жетіспеушілігін сезінбестен мол өнім ала аламыз. Ол үшін бізге ең алдымен ғылыми көзқарас, жоғары білікті мамандар, ауыл шаруашылығы дақылдарының заманауи сапалы сорттары, өнімділігі жоғары мал тұқымы қажет. Біздің болашағымыз – аграрлық салада, сондықтан осы саланы дамыту - аса жауапты да қажетті шара, - деді сенатор Ақылбек Күрішбаев жетісулықтарды маңызды кәсіпорынның ашылуымен құттықтаған сөзінде.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 09.07.2021
  • 228
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика