• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Балаева А.Ғ.
«URKER - 2021» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды

БАҚ өкілдерінің кәсіби мереке қарсаңында баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «URKER - 2021» Ұлттық сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

2021 жылы ұйымдастырушылардың мекенжайына республикалық және өңірлік радиостанциялардан, баспа және интернет-басылымдардан 340 өтінім келіп түсті. 2017 жылдан бастап барлығы 2 833 жұмыс Сыйлыққа ұсынылды, оның 248-і шорт-параққа енді. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 67 үздік өкілі «URKER» естелік мүсіншесінің иегері атанды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева салтанатты шараның басталу рәсімінде журналистердің еңбегіне алғысын білдіріп, «Ақпарат кеңістігінің қоғам дамуындағы алатын орны да, қосатын үлесі де өте зор. Себебі Медиа тек ресми ақпарат таратудың құралы емес, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік идеологияның өзегі екенін үнемі айтып келеміз. Азаматтық қоғамның қарқынды дамуы журналистердің кәсіби және азаматтық белсендігіне тығыз байланысты», - деді.

Сонымен бірге Аида Балаева биыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал» арнайы номинациясының қосылғанын атады. Бұл номинациясының жеңімпазы «Семей таңы» газетінің журналисті Рыиза Молдашева атанды.
Оған қоса отандық радионың 100 жылдығына орай тағайындалған арнайы жүлденің иегері «Qazaq radiosy» атанды.

Салтанатты рәсімде номинациялар бойынша журналистика саласындағы беделді Сыйлық жеңімпаздарының есімдері аталды:

Жылдың үздік фотосуреті - Мақсат Шағырбаев newsroom.kz порталы
Жылдың үздік репортажы - Ануар Абдрахманов BaigeNews.kz порталы
Жылдың үздік аналитикалық материалы - Дина Имамбаева «Ақиқат» журналы
Жылдың үздік журналистік зерттеуі - Рысбек Қыдырбек «Aiqyn» газеті
Жылдың үздік сұхбаты - Тамара Вааль Vlast.kz порталы
Жылдың үздік танымдық материалы - Өмірбек Сансызбаев Massaget.kz порталы
Радиостанциядағы үздік жоба - «Новое утро» «NS» радиосы
Жылдың үздік жаңалықтар порталы - inform.kz
Жылдың үздік газеті - «TÚRKISTAN»
Жылдың үздік журналы - «Forbes Kazakhstan»
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал - Рыиза Молдашева «Семей таңы» газеті.

Финалистерге Ұлттық бәйге жеңімпазы атағында куәлік, «URKER» естелік мүсіншесі және бір миллион теңге мөлшеріндегі қаржылай сыйлық табысталды.

Көрермендер марапаттау рәсімін сыйлықтың urker-awards.kz ресми сайтында тікелей эфирде көруге мүмкіндік алды.

Қазақстандық «URKER» Ұлттық сыйлығы, баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы жетістіктері үшін берілетін талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау, олардың кәсіби журналистиканың дамуына қосқан үлестерін тану мақсатында 2017 жылы құрылған.

  • 14.07.2021
  • 220
Балаева А.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика