• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Жетісулық арулар шағын бизнесте белсенді

Өңірде шағын және орта бизнесте жаңа кәсіп ашуда әйел азаматшалар белсенділік танытуда. Олар мемлекеттік бағдарламалар көмегінің арқасында жеке істерін дөңгелентіп отыр. Мәселен, Ұйғыр ауданының тұрғыны Юлдуз Тураева тоқыма бұйымдарын өндірумен айналысса, текелілік Гүлдана Өміртайқызы кофейня ашып, игілігін көре бастады. Екеуі де нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасына сәйкес «Бастау бизнес» оқыту жобасына қатысып, грантқа ие болғандар, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. Юлдуз Тураеваның айтуынша, оның әуел бастан ісмерлікке қабілеті мен қызығушылығы ерекше болған. Сондықтан ол осы бағытта жеке бизнесін ашуды жөн көрген. Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жүгініп, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып шыққан. Кейін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы аясында 500 мың теңге көлемінде грантқа ие болып, бұл қаржыға қажетті тігін машиналарын сатып алды, сөйтіп өз цехын ашқан. Бұл істен өзі ғана пайда тауып отырған жоқ, сонымен қатар 7 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. «Біз жасаған өнімдер «Baby comfort» брендімен «Шонжыда жасалған» маркасымен шығарылады. Қолымыздан шыққан бұйымдарға өз ауданымыздан бөлек Панфилов, Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ аудандарынан да сұраныстар түсіп жатады. Сондықтан алдағы уақыта шеберхананы кеңейтіп, жұмыс орнының санын арттырсам деймін», – дейді Юлдуз Тураева. Шағын шеберханасында ісмерлер қалыңдықтың жасауы, көліктерге қажет перделер, ас үй бұйымдары сияқты тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдайды. Ю. Тураева болашақта балаларға арналған киімдер тігуді де қолға алмақшы. Ал Текелі қалалық әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жас кәсіпкер Гүлдана Өміртайқызы мемлекеттік грант есебінен кофейня ашқан. Оның бұл бастамасына «Бизнес бастау» арқылы оқуы үлкен сеп болды. Үш баланың анасы Гүлдана «Бизнестің жол картасы 2020-2025» бағдарламасы аясында 2 млн теңге грантқа ие болып, қоғамдық тамақтандыру орталығын ашуға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қаланың орталығында орналасқан «MELISSA» кофейнясында қазір 3 адам жұмыс істейді. Онда кофе және басқа да сусындардан бөлек, кондитерлік өнімдер де пісіріледі. Кәсіпкерлер палатасы Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов тек биылдың өзінде «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды 73 адам аяқтағанын айтады. Жалпы биылғы жылы Алматы облысында «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары және «Жетісу» өңірлік бағдарламасы шеңберіндегі қаржы көлемі 23 млрд. теңгеге жеткізілген. Бірінші жарты жылдықта сомасы 7,5 млрд. теңгелік 990 жоба қаржыландырылып, 2750 тұрақты жұмыс орны ашылған. Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

  • 16.07.2021
  • 275
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика