• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери нышандар күні алғаш рет аталып өтуде

1996 жылғы 18 шілдеде «Қарулы Күштердің әскери нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды.

Әскери нышандар – бұл армияның ажырамас бөлігі болып табылатын атрибуттар. Әскери нышандар барлық уақытта тек жауынгердің ұлттық болмысының өзіндік ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, жеке құрамның моральдық-жауынгерлік рухын және оның Отанды қорғау міндеттерін орындауға әрқашан әзір болуын арттырудың пәрменді құралы болды. Ол әскери қызметшілерді жоғары жауынгерлік және адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуге, даңқты әскери дәстүрлерді қалыптастыруға және көбейтуге ықпал етті.

Қазақстанның әскери нышандарына Қарулы Күштердің нышаны (эмблемасы), туы мен жалауы, Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштерінің тулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары жатады.

Қазақстан Қарулы Күштерінің нышаны мемлекеттік тиесілілігін және қол сұғылмаушылығын айқын бейнелейді. Ол өткеннің дәстүрлерімен ұштастыра отырып, Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын көрсетеді.

Атап айтқанда, Қарулы Күштер нышаны – шеттерi алтын түстi нұсқамен жиектелген бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың ортасында шұғылалы күн және оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген.

Қарулы Күштер түрлерінің тулары Қазақстан армиясына тиесілілікті және әскери ұжымның бауырластығы мен бірлігі идеясын білдіреді.

Жауынгерлік ту – әскери бөлімнің жәдігері. Отанды қорғау жолындағы даңқты дәстүрлер мен қасиетті борыш туралы әрбір әскери қызметшінің есіне сала отырып, оның айбыны мен даңқының нышаны болып табылады.

Биылғы жылы Қазақстан Қарулы Күштерінде бірқатар кәсіби мерекелер мен атаулы күндер алғаш рет атап өтілуде екенін айта кеткен жөн болар. Олардың тізбесі Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы бұйрығымен бекітілген.

 

  • 19.07.2021
  • 281
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика