- Блогтар
- Сатывалдеев Р.К.
Сатывалдеев Р.К.
«Сот сараптамалары орталығы» РМҚК директоры м.а.
Корольдік колледж Қазақстан Үкіметімен табысты ынтымақтастықты жалғастыруда
Лондонның Корольдік колледж оқытушалары атап өткендей, жылдық бағдарламаны аяқтағаннан кейін қазақстандық студенттер басқарудың жаңа дағдыларын, кәсіби дайындықты және өте терең білім алды. Зерттеу дағдылары мен әдістеріне үйретудің арқасында рецензияланатын ғылыми журналдарда үш мақала жарияланды.
2016 жылдың қазан айынан бастап доктор Нунцианда Фрасионе бастаған Сот биохимиясы тобы сот төрелігі секторын реформалау мақсатында сот сарапшыларын оқыта отырып, Қазақстан үкіметімен жұмыс қатынастарын сақтап келеді.
2018 жылы жүзеге асырылған қаржыландырудың соңғы раунды "Болашақ"халықаралық стипендиясы шеңберінде тек қана 28 қазақстандық сот сарапшыларының біліктілігін арттыруға бағытталған болатын. Беделді стипендияны Қазақстан Үкіметі жыл сайын ұсынады және қазақстандық азаматтарға шетелдердің жетекші университеттерінде білімін жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бағдарлама кәсіби мамандарды қамтамасыз ету және олардың дамуына ықпал ету мақсатында студенттерге бағытталған тәсіл негізінде құрылған болатын. Сарапшылар, оларға әртүрлі деңгейдегі қиындықтарды шешуге мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды алды. Халықаралық сот сараптамасына қол жеткізудің арқасында қатысушылар сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа қабілеттеріне ие болды және олардың одан әрі кәсіби қалыптасуына айтарлықтай әсер ететін зерттеу жобаларын жүзеге асырды. Үш жоба рецензияланатын журналдарда жарияланды, бұл зерттеуге негізделген оқытудың, инновацияның және импульстің керемет үлгісі.
Студенттер Лондонда болған кезінде ғалымдардан сабақ алып, бүкіл Ұлыбритания бойынша сот мекемелерінде болды. Әрбір студент Қазақстанда жаңа технологияларды игеру үшін қажетті білім мен дағдыларды игере отырып, тәуелсіз зерттеу жобасын аяқтады.
- 21.07.2021
- 294