• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
БҚО әкімі жапондық инвесторлармен онлайн кездесу өткізді

Облыс  әкімі  Ғали  Есқалиев  Жапонияның  Қазақстандағы  Төтенше  және  өкілетті  елшісі  Джун  Ямадамен,  аталған  елдің  сауда  палатасының  басшысы  Хироши  Икэдамен  және  инвесторлармен  онлайн  кездесу  өткізді. Басқосуға Жапонияның INPEX NORTH CASPIAN SEA LTD, APPAK LLP, ITOCHU Corporation, Komek Machinery Kazakhstan, JICA Kazakhstan, Sumitomo Corporation Moscow, Toyota Tsusho Corporation, Marubeni Corporation, Mitsubishi Corporation, Tokyo Rope Mfg Co. Ltd NISSIN CORPORATION секілді  23 ірі корпорациясы мен басқа да ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Онлайн кездесу барысында жапондықтарға облыстың инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, іскерлік байланыстардың  жай-жапсары талқыланды. Өңір басшысы екі ел компаниялары арасындағы кәсіпкерлік қарым-қатынасты одан әрі дамыта түсуге қызығушылық білдіргені үшін қатысушыларға  алғыс  айтты. – Біз барлық шетелдік ірі компаниямен ынтымақтастық тақырыбын талқылағанда шетелдік бизнес екі бағытта жұмыс істей алатынын жиі айтамыз. Біріншісі – елдің негізгі мұнай-газ кен орны орналасқан Қазақстанның батысындағы біздің өңір. Екіншісі – біздің облыстың Ресей Федерациясына жақын оналасқаны және Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне шығуға болатыны, – деді әкім. Инвесторлар біздің өңір туралы және  келешек жобалар жөнінде толық түсінік алуы үшін облыс әкімі екі тараптың компаниялары арасындағы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқылайтын жұмыс тобын құруды ұсынды. – Біз өз тарапымыздан жапондық компанияларға жер учаскелерін беруге, қажетті инфрақұрылымды Қазақстан есебінен жүргізуге және  сату нарығында көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Ғали Есқалиев. Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джун Ямада Батыс Қазақстан облысы екі ел арасындағы бизнес үшін ерекше орын алатынын атап өтті. Елші Джун Ямада пандемия аяқталған соң,  аймаққа арнайы сапармен баруға ниет білдірді. – Жақында біздің дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 30 жылдығы тойланады. Біз ынтымақтастықтың нәтижелерін шығарып, алдағы бірлескен жұмыстардың жалпы бағытын белгілейміз. Мен бұл кездесуді болашақ үшін өте орынды деп санаймын, – деді Джун Ямада. Кездесу барысында жапондық бизнес өкілдеріне облыстың инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Батыс Қазақстан облысы мұнай-газ, машина жасау, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, егін және мал шаруашылығына маманданған батыс макроөңірге жатады. Таныстырылым барысында әлемдегі ең ірі Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнының, көптеген зауыт-фабрикалардың, экономиканың табысты дамып жатқан салаларының жұмысы көрсетілді. Біздің өңір шетелдік компаниялардың қатысуы арқылы жаңа жобалардың алаңына айналуға дайын. Облыста арнайы техника өндірісін ұйымдастыру, машина жасау саласы мен агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша жапондық мекеме-кәсіпорындармен ынтымақтастықтың болашағы зор.

 

  • 23.07.2021
  • 339
Төреғалиев Н.

Батыс Қазақстан облысының әкімі

Төреғалиев Н.
(Мұрағат)

Батыс Қазақстан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика