• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сәрпеков Р.Қ.
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР ҰҒА академигі, Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығына арналған «Академик С.З. Зиманов: өнегелі өмірі және ғылыми жетістіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2021 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп онлайн режимде ҚР ҰҒА академигі, еңбек сіңірген ғылым қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор Салық Зиманұлы Зимановтың 100 жылдығына арналған «Академик С.З. Зиманов: өнегелі өмірі және ғылыми жетістіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Конференция С.З. Зимановтың заң ғылымын дамытуға, Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру мақсатында жаңа идеялар мен тәсілдерді іздестіруге қосқан үлесін талқылауға арналған.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және басқа мемлекеттік органдардың, отандық және шетелдік білім беру және ғылым ұйымдарының өкілдері қатысып, сөз сөйледі.

Отандық заң ғылымының өкілдері, академик С.З. Зимановтың серіктестері мен шәкірттері құқықтық ғылымды қалыптастыру мен дамытудағы, Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық жүйесін жетілдірудегі оның идеяларының пайдаланылмаған әлеуетін атап өтті. Конференция жұмысына жоғары оқу орындарының басшылары: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор – Е.Б. Сыдықов; ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ректоры, з.ғ.к. – Е.С. Мерзадинов; Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, з.ғ.д., профессор – Ө.Ш. Жалаири;. ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры, з.ғ.к., профессор – З.Х. Баймолдина қатысты.

Шетелдік қонақтар атынан Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының Жария-құқықтық зерттеулер орталығы меңгерушінің орынбасары, Халықаралық салыстырмалы құқық академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, з.ғ.д., профессор Ю.А. Тихомиров және Новосібір Мемлекеттік Экономика және Басқару университетінің Ғылыми жұмыс және қосымша білім беру бойынша проректор, з.ғ.к., А.А. Макарцев, сондай-ақ Беларусь Республикасы ғылымының өкілдері В.А. Шаршун, С.А. Калинин егемен, тәуелсіз Қазақстан болып қалыптасудағы және заң білімі мен ғылымын дамытудағы С.З. Зимановтың баға жетпес рөлі, сондай-ақ академик С.З. Зимановтың халықаралық беделі туралы айтты.

Пікірталас және пікір алмасу барысында конференция қатысушылары заң ғылымының, ұлттық және халықаралық заңнаманың түрлі салаларындағы ең өзекті теориялық және практикалық сұрақтарды талқылады.

Конференция қорытындысы бойынша «Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» журналының арнайы шығарылымын шығару жоспарланып отыр, ол Институттың ресми сайтына (http://www.zqai.kz/ru) орналастырылатын болады.

  • 25.07.2021
  • 300
Сәрпеков Р.Қ.

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

Сәрпеков Р.Қ.
(Мұрағат)

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика