- Блогтар
- Ақсақалов Қ. І.
Ақсақалов Қ. І.
Қостанай обласының әкімі
Азаматтарды қабылдау өтті
«Nur Otan» партиясы арқылы тіркелген азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдадым. Қабылдау өңірлерде тұрғылықты жері бойынша азаматтарды қосумен бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілді.
Облыс тұрғындары көп пәтерлі тұрғын үйлерді газдандыру, аула аумақтарын абаттандыру, кезекте тұрғандарға тұрғын үй беру, спортты дамытуға бағытталған жаңа объектілердің құрылысына қатысты және т. б. мәселелер бойынша өтініш білдірді.
Әрбір өтініш бойынша түсіндірме жауаптар мен ұсынымдар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшыларына тиісті тапсырмалар бердім.
- 30.07.2021
- 299