• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

«GATE CITY»  серіктес қаласының аумағында жаңа тұрғын үй кешендері салына бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашовтың «BI Group» холдингінің өкілдерімен кезедесуі кезінде айтылды.
Кеше өткен кездесуде осы құрылыс мәселесіне қатысты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екі жақты келісім кезінде Лаззат Тұрлашов «GATE CITY» аумағындағы тұрғын үй кешендері құрылысының жобасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылатынын айтты.  Тұрғын үйлермен қатар мұнда барлық қажетті әлеуметтік нысандар да тұрғызылады.
- Өздеріңізге белгілі, «GATE CITY» Алматы – Өскемен республикалық жолының бойында Алматы-Қапшағай учаскесінде орналасады. Жобаның басты мақсаты – заманауи құрылымдық «ақылды» қала құру, бизнесті дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік жасау, Алматы мегаполисінің маңынан жаңа «ақылды» қала салу. Жобаны облыс әкімі ерекше бақылауға алып отыр, - деді Лаззат Махатұлы.
Жоба әкімшісі «Жетісу» ӘКК» ӨДИ» АҚ мәліметіне қарағанда бұған дейін «Жетісу» ӘКК алаңында холдинг өкілдерімен бірнеше мәрте кездесулер өткізіліп, жер учаскелерін бөлу, жобаның экономикалық және техникалық негіздемелері жайлы талқылаулар болған.
- Бұл меморандум бірлескен жұмыстың басталғанын айғақтайды. Енді жобалау, эскиздер дайындау жұмыстары басталады. Учаскеде 100 гектардан астам жерге 590 мың шаршы метр тұрғын үй, үш мектеп, бірнеше балабақша, дәрігерлік амбулатория және басқа да нысандар салу жоспарланған.  Сол сияқты саябақтар мен скверлер де жасалады, - деді «BI Development Almaty» компаниясының бас директоры Айдос Мұқатаев.
Атап өтсек, БАКАД автожолының оңтүстігінде, Іле ауданы аумағында орналасатын «GATE CITY» серіктес қаласы инфрақұрылымы дамыған, қаржы-іскерлік, білім және ғылыми-медициналық орталық, өнеркәсіптік және сауда-логистикалық хаб болады деп жоспарланып отыр. Серіктес қаланың жалпы аумағы - 134 гектар.

 

  • 11.08.2021
  • 340
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика