• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Әскери-медициналық мекемеге – 80 жыл

Қорғаныс министрлігі Әскери клиникалық госпиталінің құрылғанына 80 жыл толды. Бұл Қазақстанда алғаш құрылған әскери-медициналық мекемелердің бірі болып саналады.

Алматы қаласында орналасқан Әскери клиникалық госпиталь 2907-ші эвакуациялау госпиталінің мұрагері десек те болады. Ол 1941 жылғы тамызда Мәскеу облысының Коломна қаласында құрылған болатын. Медициналық мекеме құрылған сәттен бастап жаралылар мен науқастарды қабылдай бастады. Одан кейін мекеме бірнеше рет орын ауыстырды. 1944 жылғы наурызда ол Алматы қаласына қоныс аударды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Орталық әскери клиникалық госпиталі болып қайта құрылды.

Әр жылдары госпитальды медицина қызметінің тәжірибелі ұйымдастырушылары басқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін госпитальды запастағы полковник Самат Сәрсенбаев басқарып келеді.

80 жыл ішінде госпиталь өз қызметінде кең ауқымдағы емдеу және диагностикалау іс-шараларын жүзеге асыратын ірі көпсалалы медициналық мекемеге айналды. Ол Алматы қаласындағы Әскери медицина орталығының және медициналық жоғары оқу орындарының тыңдаушылары үшін оқу базасы болып табылады. Госпитальдың әскери дәрігерлері медицина ғылымындағы жаңа жетістіктерді іс жүзінде пайдалана отырып, ғылыми-тәжірибелік қызметті жүзеге асырады, медициналық қызмет әскери буынына әдістемелік және практикалық көмек көрсетеді.

Госпитальдың құрамында 17 емдеу бөлімшесі жұмыс істейді. Жыл сайын 5 000-ға жуық науқас емдеуден және тексеруден өтсе, хирургтар 1 000-нан астам операция жасап, әскери-дәрігерлік комиссиялар 2000-нан астам әскери қызметшіні медициналық куәләндырудан өткізеді.

Госпитальда шұғыл көмек көрсетуге және еліміздің барлық өңіріне баруға әзір арнайы дәрігер-мейіргерлер бригадалары құрылған. Өткен жылғы тамызда арнайы мақсаттағы құрама медициналық жасақ Бейрут қаласының (Ливан) портындағы жарылыстан зардап шеккен жергілікті халыққа медициналық көмек көрсетті. Әскери клиникалық госпиталь COVID-19-ға қарсы әрекет етуде азаматтық денсаулық сақтау мекемелеріне көмек көрсетуді жалғастыруда.

Медициналық мекеменің дәрігерлер құрамы диагностикалаудың және емдеудің озық әдістерін үйренуде. Мамандар Қазақстанның, Германияның, Ресейдің, АҚШ-тың және Түркияның жетекші емдеу-диагностикалық және оқу орталықтарында даярлықтан өтеді.

  • 18.08.2021
  • 298
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика