- Блогтар
- Оралмағамбетов Б.Ж.
Оралмағамбетов Б.Ж.
ҚР ЦДИАӨM Аэроғарыш комитетінің төрағасы
Қазғарыштың «ҚҒС» ҰК» инженерлері 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша интерактивті картаны таныстырды
Мемлекет Басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2 млрд. ағаш отырғызуды қамтамасыз етуді және осы жұмыстардың орындалу барысын бақылау үшін интерактивті карта әзірлеуді тапсырғаны белгілі. Еліміздің орман қорларында ағаш отырғызу бес жыл бойы (2021-2025 жж.) жүзеге асырылады және ауқымды көгалдандыруға алып келеді.
Бұл тапсырманың шеңберінде ҚР Экология министрлігінде ҚР ЦДИАӨМ АК «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ инженерлері ҚР ЭГТРМ ОШЖДК «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» РМҚК тапсырмасы бойынша әзірленген 2 млрд. ағаш отырғызу бойынша интерактивті картаны таныстырды.
Ағаш отырғызу процесін мониторингілеу үшін әзірленген геосервисті таныстыру барысында интерактивті карта мүмкіндіктері, оның ішінде инспекторлардың жергілікті жерлерде картографиялық ақпаратты өз бетінше енгізуі арқылы көшет отырғызу туралы ақпаратты толтыру және көрсету ұсынылды. Бұл геосервис ҚР 14 облысы аумағында ағаш отырғызудың шолу картасын қамтиды.
Жобаның негізгі пайдасы – Қазақстан аумағын көгалдандыру. Жерді қашықтықтан зондтау негізіндегі интерактивті карта халыққа мобильді нұсқада қолжетімді болады деп жоспарлануда. Барлық мүдделі тұлғалар, қоғамдық ұйымдар және еліміздің әрбір азаматы осы жұмысты бақылап қана қоймай, өз ұсыныстары мен ескертулерін уәкілетті органға жібере алады.
Біздің мамандары атап өткендей, интерактивті картада мекеменің, филиалдың және орманшылықтың атауы (бар болса), орам, телім, гектардағы алаң, егу немесе отырғызу сараланып, ағаштардың тұқымы мен саны, бұрын отырғызылған орман дақылдары туралы мәліметтер қамтылады.
Түгендеу деректері бойынша тұқымдар бөлінісінде жалпы және өндіруші алаңдар, себу жылы, отырғызу материалдарының саны ескерілетін болады. Бұл тізімге сонымен қатар тұқым жинау, сатып алу және отырғызу материалын қазу туралы ақпарат кіреді.
Жоба ҚР Экология министрлігінің оң бағасын алды. Қазіргі уақытта алынған деректерді әзірлеу және геопорталға жүктеу жұмыстары жүргізілуде.
- 27.08.2021
- 307