• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Батырбеков Э.Ғ.
Қазақстан мен АҚШ ұйымдары Семей сынақ полигонындағы бірлескен қызмет қорытындыларын талқылады

Курчатов қаласында ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен АҚШ Қорғаныс министрлігінің Қауіп-қатерді азайту агенттігі мамандарының қатысуымен «Семей сынақ полигоны: полигон аумағын қауіпсіз күйге келтіру бойынша жемісті халықаралық ынтымақтастық» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қауіпсіздікті арттыруға, таралу қаупін азайтуға және осы салада қол жеткізілген нәтижелерге бағытталған соңғы онжылдықта іске асырылған іс-шаралар кешенін талқылады.

Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына орай ядролық сынақтарды жүргізу инфрақұрылымы толығымен жойылғаны, жаппай қырып-жоятын қарудың таралу қаупін азайту және полигон аумағындағы ядролық қызмет қалдықтарына қол жеткізуді болдырмау жөнінде ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылғаны атап өтілді.

Ядролық қаруды таратпау жөнінде қабылданған шаралар бір кездері қуатты кеңестік ядролық қару кешенінің бақылаусыз ыдырауы халықаралық қатынастар жүйесі үшін тудыруы мүмкін қауіпті іс жүзінде толығымен жойды.

Бұдан басқа, ССП жабылғаннан кейін бұрынғы КСРО әскери-өнеркәсіптік кешенін конверсиялау жүргізілді. Нәтижесінде бүгінгі таңда ҚР Ұлттық ядролық орталығының Қазақстандағы ең ірі және дамыған эксперименттік базасы бар. Қазіргі уақытта базада жұмыс істеп тұрған екі зерттеу реакторы, атом энергетикасының қауіпсіздігі саласында зерттеулер жүргізу үшін жаңадан құрылған стендтер, КТМ токамагы, ИСК қоймасы, ғылыми зертханалар мен кешендердің кең спектрі бар.

Осы базаны пайдалана отырып бүгінде атом энергетикасы, радиациялық материалтану, радиоэкология және ғылымның басқа да салаларында, оның ішінде халықаралық жобалар шеңберінде озық зерттеулер жүргізілуде.

Қорытындылай келе, қатысушылар жүргізілген жұмыстың зор ауқымы мен маңыздылығын, нәтижесінде ССП-ның көптеген проблемаларын шешуге және әлемді қауіпсіз етуге мүмкіндік жасалғандығы туралы атап көрсетті.

  • 29.08.2021
  • 287
Батырбеков Э.Ғ.
(Мұрағат)

ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» Бас директоры

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика