- Блогтар
- Абдуллин Т.Т.
Абдуллин Т.Т.
ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы
Автожол жобаларының іске асырылу барысын тексердім
Іс-сапармен Жамбыл және Алматы облыстарына барып, бірқатар жобалардағы жұмыс барысымен таныстым.
Атап айтқанда, "Меркі-Бурылбайтал" жобасы бойынша 7-273 шақырымдағы реконструкциялау жұмыстарын тексердім. Құрылыс-монтаждау жұмыстары учаскенің барлық бойында жүргізілуде. Қазір жолдың 150 шақырымда қозғалыс ашылған. Аталған объектіде арнайы техниканың 599 бірлігі және мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр.
Бұдан бөлек, «Күрті-Бурылбайтал» автожолының 2295-2380 шақырымындағы учаскелер де тексерілді. Жұмыстар учаскенің барлық ұзындығы бойынша іске асырылуда.
«Қапшағай–Күрті» жобасының 0-67 шақырымындағы учаскесінде атқарылып жатқан жұмыстар барысымен де таныстым. Бүгінде мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқын алған. Нысанда 296 техника бірлігі мен 500-ге жуық адам жұмылдырылған.
Әр объектіде реконструкциялау жобаларына тартылған мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдармен жедел көшпелі кеңестер өткізілді. Жұмыс қарқынын жеделдету және жобаларды жүзеге асыруды уақтылы аяқтау үшін бірқатар тапсырма жүктедім.
- 07.09.2021
- 314