- Блогтар
- Иманашев Дархан Серікұлы
Иманашев Дархан Серікұлы
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы
Ал, мен қызметтік іс-cапарымды жалғастыру үстіндемін
Ал, мен қызметтік іс-cапарымды жалғастыру үстіндемін
Бұл жолы «Меркі-Бұрылбайтал» жобасының жүзеге асырылу барысын тексеріп шықтым. Мұнда бас мердігер "Синьсин" Қытай Құрылыс және даму компаниясы "ЖШС /"АБК - Автодор НС"ЖШС құрамындағы Консорциум болып табылады.
Бүгінгі таңда аталған учаскеде 20 көпір мен жол өтпесінің құрылысы мен жер қазу жұмыстары аяқталуда. 263 құбыр салынды, 200 шақырымнан астам жол төселді.
Сондай-ақ, іс сапарымның соңында барлық мердігер компанияларға жиын өткіздім. Орындалатын жұмыстардың сапасын қадағалауды, жұмыс қарқынын күшейтуді, жабынның асфальтбетон қабаттарын орнату бойынша жұмыстардың тәулік бойы үш ауысымда орындалуын қамтамасыз етуді тапсырдым.
Жыл соңына дейін бүкіл учаске бойынша бір бағытта жүруді қамтамасыз ету туралы бұйырдым. Ағымдағы құрылыс маусымының қолайлы ауа-райының кезеңін барынша пайдалану, сондай-ақ жолдарды қысқы күтіп-ұстауға дайындауға алдын ала кірісу қажет.
- 13.09.2021
- 358