• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
"Жетісу-2" волейбол командасы өз жеңісін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады

Алматы облыстық әкімдігінде әуедоп шеберлерімен кездесу өтті. Тамыздың тамылжыған уақытын ырысқа одан ары толтырғандай, күрең тартқан күздің сары алтыны бүгін келгендей әдемі әсерде қалдық. Бірінен-бірі өткен сұлу арулар, мойындарына алтын медаль таққан бойжеткендер әкімдік ғимаратын нұрға бөлеп жіберді. Мен әңгіме етіп отырған хор қызындай сыңғырлаған сұлулар - біздің Алматы облысының «Жетісу», «Жетісу-2» волейбол командасының нәзік жандары.

Сонымен, мәжіліс залына жиналған волейболшы қыздарды Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қабылдап, арнайы кездесу өткізді. Жаңа маусымның алдында «Жетісу» командасының толық құрамымен таныспас бұрын аймақ басшысы жуырда ғана Өзбекстан мемлекеті, Ферғана қаласында волейболдан Орта Азия елдері арасында өткен чемпионатта жеңіске жеткен «Жетісу-2» волейболшыларын құттықтады.

Жетісулық волейболшылар Өзбекстан мемлекетінен абыройлы оралды. Олар Қырғызстан мен Тәжікстан волейболшыларын ойсырата ұтып, финалда жарыс қожайындары - Өзбекстан командасын жеңді. Осылайша, «Жетісу-2» командасы Орталық Азия елдері арасында өткен чемпионаттың жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, чемпионатта біздің Мария Трухина сапалы ойыншы, Зарина Мубаракзянова үздік ойыншы, Таңнұры Данабек үздік тосқауыл қоюшы номинациясына қол жеткізді.

Міне, осындай жан алысқан ойындарына риза болған Амандық Баталов спортшыларға ыстық ілтипатын білдірді.

- Бүгін мойындарыңдағы жарқырап тұрған алтын медаль алдағы үлкен бәсекелердің жеңіс баспалдағы. Бұл жеңістерің Тәуелсіздіктің 30 жылдығына үлкен тарту болды. Сонымен қатар, жаңа маусымды жеңіспен бастадыңдар, жеңіс жолы жалғаса берсін. Сіздер біздің болашақ чемпионымызсыңдар. Барлығың да осы Жетісу жерінің тумасысыздар. Дәл қазіргі жеңістерің бүгінге дейінгі істеген жұмыстың нәтижесі. Жиырма жыл бұрын құрылған «Жетісу» волейол командасы сегіз мәрте ел чемпионы, клубтық Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған үздік команда. Міне, команданың негізгі міндеті тек қана чемпион болу емес, соңынан ізбасар, жас волейболшыларды тәрбиелеу. Бүгін соның нақты жемісін көріп отырмыз. Сондықтан, осындай жеңісті жолдарың көп болып, Жетісу жерінің намысын қорғай берулеріңе тілектеспін, – деді облыс әкімі.

Бұдан кейін Амандық Ғаббасұлы «Жетісу» командасының жаңа құрамымен танысты. Ортаға команданың бас жаттықтырушысы Елена Павлова шығып, ең алдымен волейбол командасына қолдау білдірген Алматы және Алматы облысы волейбол федерациясының президенті, облыс әкімі Амандық Баталовқа ризашылығын білдірді.

- Дәл қазіргі уақытта «Жетісу» волейбол командасының жаңа құрамы елу пайызға жаңартылды. Бірқатар жаңа ойыншыны команда сапына қостық. Команданың негізгі міндеті жергілікті жердің ойыншыларына мүмкіндік беру. Сол себепті біз құрамаға жетісулық жас ойыншыларды алдық және сырттан да шақырдық, - деп атап өтті бас жаттықтырушы. - Мұнымен қоса команда жаңа маусымға толықтай дайын. Жуырда Беларусь еліне барып, жаңа құрамды тексеріп қайттық. Мүмкіндігімізді толық байқап, кемшіліктерімізді де айқындадық. Қазір сол кемшіліктерді түзету жұмыстарымен шұғылданып жатырмыз.

Өз кезегінде аймақ басшысы бас жаттықтырушыға нақты тапсырма жүктеді.

- Біздің «Жетісу» волейбол командасы бүгін құрылған команда емес. Оның тарихи жолы көз алдымызда сайрап жатыр. Сегіз дүркін ел чемпионы болу деген оңайлықпен келмейді. Сондықтан, негізгі міндет үлкен белестерді бағындыру. Өткен жылғы команда да жаман өнер көрсеткен жоқ. Бізде өнер көрсетіп кеткен барлық ойыншылар мен бапкерлерге мен өз ризашылығымды білдіремін. Олардың барлығы нағыз өз ісінің шеберлері. Енді, міне, сондай жауапты міндет сізге де артылып отыр, сенім үдесінен шыға біліңіздер, - деп атап өтті әкім. Сонымен қоса, Амандық Ғаббасұлы бүгінгі бас жаттықтырушы Елена Павлованың да «Жетісу» сапында өнер көрсеткендігін, Қазақстан волейболына өлшеусіз үлес қосып келе жатқандығын, нағыз білікті маман екендігін тілге тиек етті.

Сөзін ары қарай жалғаған Елена Павлова жаңа ойыншыларды жеке-жеке таныстырды. Жаңа құрамда сырттан үш ойыншы келді. Олар - Сенегал, Ресей, Әзербайжан елінен. Қалған ойыншылар жергілікті спортшылар мен Қазақстан клубтарының волейболшылары.

Сонымен, жаңа құрамның тізімі мынадай: Наталья Акилова, Валерия Чумак, Татьяна Никитина, Александра Мещанинова, Татьяна Машкова, Әлия Баткульдина, Мария Сырыгина, Юлия Якимова, Валерия Шатунова, Маме Фату, Анастасия Гурбанова, Светлана Парукова, Ақерке Шакен, Томирис Сагимбаева, Инна Герман.

Ойыншылармен жеке-жеке танысқан аймақ басшысы олардың бұған дейінгі көрсеткіштеріне де көз жүгіртті. Жақсы нәтижеге қол жеткізулеріне тілектестік білдіріп, сәттілік тіледі.

- Ойыншылардың осалы жоқ, барлығы да ысылған волейболшылар. Оқу-жаттығу жиындарының өтуіне, жарысқа қатысуға толық жағдай жасалады. Ол жағынан еш алаңдаушылық болмасын. Биыл жеті волейболшы әкім гранты бойынша оқуға түсті. Бұл олардың болашағы үшін істеліп отырған игілікті іс. Сіздерге де үлкен қолдау болады, тек жоғары нәтижеге қол жеткізіңіздер, - деді Амандық Баталов. - Алдағы Тулада өтетін кубоктык жарыста және Тайландта өтетін Азия чемпионатында жоғары жетістікке жетулеріңе тілектестік білдіремін.

  • 20.09.2021
  • 251
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика