• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Облыста «Еңбек» бағдарламасы аясында мыңнан аса бизнес-жоба қаржыландырылды

Алматы облысының тұрғындары шағын және орта бизнестің дамуына өзіндік үлестерін қосып келеді. Басым көпшілігі мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында өзінің хоббиін жеке кәсібіне айналдырып үлгерді. Солардың қатарында Қарасай ауданының тұрғыны Ғалия Қожамбергенова да бар. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы болса да тігін ісіне қызығушылық танытып, сүйікті ісіне айналдырды. Мемлекеттік бағдарлама аясында қайтарымсыз несие алып, өзінің тігін цехын ашты. Облыс бойынша «Еңбек» бағдарламасы бойынша мыңнан аса бизнес жоба қайтарымсыз грант немесе жеңілдетілген несие иегері атанған, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 – Мен 21 күн онлайн түрде кәсіп ашып, дөңлетуді оқып-үйрендім. Содан кейін өзімнің бизнес жобамды ұсынып, сертификат ұтып алдым. Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы оқуға қатысып, жобамды қорғап, «Еңбек» бағдарламасы аясына 583 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несие алдым. Мемлект тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесінде жеке цех аштым. Қазіргі уақытта толыққанды жұмыс істеп тұр. Біздің цех арнайы киімдерді тігуге бағытталған. Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан түскен тапсырыстарды орындап, жөнелттік, – дейді кәсіпкер Ғ. Қожамбергенова.
Кәсіпкердің айтуынша, грант бойынша берілген қаражатқа мамандандырылған тігін машинасы және қажетті құрал-жабдықтар, маталар сатып алынды. Қаскелең қаласындағы бизнес орталықтардың бірінде цех ашуға жарайтын ғимарат жалдаған. Бүгінгі күні үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Тапсырыстар жергілікті тұрғындардан ғана емес, басқа да қалалардан түсуде.

Кәсіпкерлер Палатасы Қарасай аудандық филиалы директоры Орынбай Жанәділдің берген мәліметіне сүйенсек, биылғы жылы Қарасай ауданында «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 484 аудан тұрғыны оқып, оның ішінен 70 бизнес-жоба қаржыландырылды.

Одан бөлек Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласының жас кәсіпкері мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, автөкөліктерге техникалық қызмет көрсететін орталық ашқан.

29 жастағы Алпамыс Жақұпов та «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқып, былтыр 550 мың теңге көлемінде грант ұтып алған болатын. Бүгінгі таңда Алпамыс ашқан орталық автокөлікке арналған техникалық байқаудық барлық түрінде қызмет етеді. Мысалы көлік жуу, қиындығына байланысты жөндеу жұмыстары, диагностика және тағы басқасы. Жас кәсіпкер халықтың темір тұлпарына жоғары дәрежедегі техникалық бақылау жасап қана қоймай, ауданның жұмыссыз жастарын жұмыспен қамтып отыр.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мәліметінше, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша биылғы жылы 350 адам оқуға ниет еткен. Оның 280-і кәсіпкерліктің қыр-сырын үйренуді бастап та кетті. Микро несиені 80 тұрғынға беру жоспарланса, оның 60-ы 235,8 млн. теңге микронесие алып үлгерді. Тағы 115 тұрғын мемлекеттік грант иесі атанады. Оның 85-і жобасын қорғап, 50 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Айта кетерлігі, Алматы облысында жыл басынан бері Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік «Еңбек» бағдарламасы аясында 2895 жұмыссыз жас «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқыды. Өткен және биылғы жылдың курс тыңдаушыларын қоса алғанда, 1050 бизнес-жоба грантпен қаржыландырылып, жеңілдетілген несие алды.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • 20.09.2021
  • 322
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика