• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорғанда Қала күніне орай табиғи газбен жүретін жаңа автобустар жолаушы тасымалына шығарылды

Әкімшілік орталықтың Талдықорған қаласына ауысуына 20 жыл толуына орай табиғи газбен жүретін жаңа автобустар жолаушы тасымалына шығарылды. Қаланың автобус паркін жаңартуға және жолаушылар көлігінің қолжетімділігін жоғарылату жөніндегі жұмыстың аясында жоспарланған шарада облыс әкімі Амандық Баталов қала тұрғындары арнайы құттықтады, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

          – Қала күніне орай талдықорғандықтарды тиімді сыйлық – жолаушы тасымалына жаңа автобус шығару арқылы қуантуды ойластырдық. Бұл өте маңызды міндет деп білемін. Өйткені, жолаушы тасымалдайтын компаниялардың автопарктерін жаңартуға мүмкіндігі жоқ болатын. Біз оларға «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы 2,3 миллиард теңгеден астам қаржыға автобус сатып алып, лизингке беріп отырмыз. Бұл автобустардың ең басты ерекшелігі – таза табиғи өнім газбен жүретіндігінде. Ол үшін қалада арнайы газ толтыратын компрессорлық стансы тұрғыздық. Жергілікті бюджеттің есебінен түрлі деңгейдегі жолаушылар – мектеп оқушыларының, студенттердің, ардагерлер мен басқа да көптеген жолаушының тегін жүруіне жағдай жасап отырмыз. Мұның бәрі халық үшін. Тағы да мерекелеріңізбен құттықтай отырып, барша жақсылықты тілеймін, – деген облыс әкімі Амандық Баталов.

          Кейін тұрғындардың атынан сөз алған Талдықорған қаласының Құрметті азаматы Мұрат Халық қаланың 20 жылдың ішіндегі көркеюіне тоқталды.

          – Менің Талдықорғанда тұрып жатқаныма 67 жыл болды. Ол кезде барлығы 14 көшесі бар шағын ғана қала еді. Бар-жоғы 18-20 мың тұрғыны болатын. Бүгінгі қаланың қалай өскеніне қараңызшы, Жетісу жерінің әкімшілік орталығы болған 20 жылдың ішінде көркейіп, дамып, ұлғайып, өсті. Осы өзгерістердің бәрі менің көз алдымда өтті. Талдықорғанның тарихы қызықты, мәдениеті терең. Оған әрбір тұрғын өз үлесін қосып келеді. Ендеше, сүйікті шаһарымыз өсіп-өніп, көркейе берсін, гүлденсін деп тілейік. Заманауи келбетін бәріміз жақсы көре берейік, – деген ардагер көпшілікті қала күнімен құттықтап, ақсақалдық батасын берді.

Жаңа автобустар пайдалануға беріліп, бағыттарға шығарылған соң қала қонақтары мен тұрғындар заманауи көліктердің мүмкіндігі мен ерекшелігімен танысты. Қала тұрғындарының көпшілігі әлеуметтік желілерге алған әсерлерін бөлісіп, арнайы жазба қалдыруда.

Облыстық әкімшілік орталықтың Талдықорған қаласына ауысуына 20 жыл толуына арналған шаралар аясында қалалық автопаркке «Ютонг» және ПАЗ маркалы 32 автобус берілді. Одан бөлек, жыл соңына дейін тағы 23 автобус қалаға келеді. Сыйымдылығы 55-тен 67 адамға дейін жететін жаңа автобустарға бейнебақылау камералары, кондиционер, электрлі билет беру құрылғысы орнатылып, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орындар қарастырылған. Жалпы, жергілік бюджеттің есебінен жолаушы тасымалымен айналысатын компанияларды қолдау жалғаса түседі. Алдағы 3 жылдың ішінде 3,2 миллиард теңгеден астам субсидия беру жоспарланған.

  • 23.09.2021
  • 349
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика