• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Талдықорған: кеше, бүгін, ертең

Алматы облысының орталығы Алматыдан Талдықорғанға көшірілгеніне 20 жыл толуын мерекелеу шаралары салтанатты жиынмен, концерттік бағдарламамен түйінделді. Б.Римова атындағы драма театрының сахнасында облыс әкімі Амандық Баталов құттықтау тілегін білдірді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық өміріне белсене қатысқан бірқатар азаматтарға «Талдықорған қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Көпшілікке арнайы фильм көрсетілді, онда Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына көшірілгеннен бергі 20 жылдағы тарих, мұрағаттық фото және бейне кадрлар пайдаланылды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

- Талдықорған өзінің түрлі даму кезеңдерінде өз мәртебесін бірнеше мәрте өзгертті. Соның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың облыс орталығын көшіру туралы 2001 жылғы 14 сәуірдегі Жарлығы тарихи шешім болды. Жарлық шыққаннан кейін 5 ай өткенде 22 қыркүйекте ресми делегация қалаға көшіп келді. Осы тағдыршешті Жарлық қаланың өмірін жаңа арнаға бағыттады. Географиялық жағынан қолайлы орналасуы, жайлы экологиясы және дамыған инфрақұрылымы Талдықорғанды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығында Қазақстандағы өмір сүруге қолайлы қалалардың біріне айналдырды. Бүгінгі күні Талдықорғандағы тұрғындар саны 200 мыңға жетті. Біздің қала ең алдымен өздеріңізбен мақтанады, қымбаты талдықорғандықтар! Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз, сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз Талдықорғанның тартымдылығын одан әрі айшықтай түсті. Жаңа құрылыстар көбейіп, көшелер мен аулалар абаттандырылуда, саябақтар мен скверлер салынып, инфрақұрылым жақсартылуда, жаңа маңызды нысандар бой көтеріп, қала күннен күнге ұлғайып келеді. Осы 20 жыл ішінде қаланың аумағы 4 есеге кеңейтілген, - деді А.Баталов. Ол өз сөзінде облыс орталығын дамытуға үлес қосқан сәулетшілерді, еңбек ардагерлерін және басқа да азаматтарды атап өтті.  

Сол сияқты әкім қала дамуының экономикалық бағытына тоқталып өтті. Мәселен, Талдықорғанда 20 жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 17 млрд. теңгеден 39 млрд. теңгеге өскен, бүгінгі күні 84 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылған, ал 2001 жылы бұл көрсеткіш 1,8 млрд. теңге болған еді. Қазіргі кезде қалада 15 ірі және орта кәсіпорын жұмыс істейді.

-  20 жылдың табыстары – игіліктің басы. «Туған қала – бұл картадағы атау ғана емес, бұл – алтын ұя мектебің, өз үйің, өскен жерің. Бұл жұлдыздары жарқырап жанатын, армандарың орындалатын жер». Біз бұдан былай да Талдықорғанның цифрлы технологияларды дамыта отырып, уақытпен ілесе қадам басуына бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қаланың табысты дамуына Жетісудың бастамашыл, жаңашыл, белсенді азаматтық ұстанымы бар жастары да елеулі үлес қосады деп сенемін, - деп сөзін қорытындылады Алматы облысының әкімі А.Баталов.

Талдықорған қаласының және Алматы облысының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Аманғазы Шегіров те естеліктерімен бөлісті:

- Бүгін талдықорғандықтар үшін қос мереке – Қала күні және Талдықорғанның Алматы облысының орталығы болғанына 20 жыл. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қалаға келген кезі, Талдықорғанның Алматы облысының орталығы болған алғашқы шақ әлі күнге көз алдымда. Қаланың бұрынғы кейпі қандай болғанына, бүгін қалай өзгергеніне куә болған жандардың бірімін. Жарығы сөнген, көшелері бос қалған, халқы жан-жаққа көшіп кеткен Талдықорғанның бүгінгі жаңарған, жаңғырған кейпін көргенде қалай қуанбайсың?! – деді ол.

«Талдықорғанның Құрметті азаматы» атағы еңбек ардагері, Алматы облыстық Ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Райхан Серғазыноваға, Талдықорған қалалық балалар емханасының педиатры, емханада 40 жылдан астам еңбек еткен маман, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Құрмет» орденінің иегері Майра Омароваға, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрінге, «Асар» мүгедектерді оңалту орталығының директоры, қоғам қайраткері Елдос Баялышбаевқа, сол сияқты Талдықорған қаласының құрылыс саласын дамытуына зор үлес қосқан еңбек ардагері Леонид Поздняковқа берілді.

Марапатталушылар атынан сөз алған Леонид Поздняков Талдықорғанға көшіп келген алғашқы кездерін еске түсірді.

- Бүгінгі марапат мен үшін жүрегімді жылытқан тосын сый болды. Талдықорғанға ең алғаш 1952 жылы келдім, ол кезде мен 1 жаста ғана екенмін. Сол кезде ата-анам осы жерге көшіп келіпті. Анам үнемі Талдықорғаннан артық қала жоқ деп айтып отыратын. Мен басқа жаққа көшіп кетпесін дегені шығар. Әрине, басқа қалаларда тұрған да кездерім болды. Алғашында оқыдым, кейін жұмыс істедім, бірақ мені бәрібір осы қалаға тартып тұратын. 1997 жылы Талдықорған облысын таратқан кезде небары 4 жылдың ішінде қала тозып кетті. 2001 жылы Талдықорғанды Алматы облысының орталығы ретінде жариялаған кезде барлығын түгелдей қайта қалпына келтіруге тура келді. Сол кезде мен Талдықорғанға «АлматыГорСтрой» мекемесінің басшысы болып келдім, көптеген ғимараттар мен нысандардың құрылысын салуға, қайта қалпына келтіруге белсене қатыстым. Күндіз-түні жұмыс істедік. Күндіз қаланы аралап, кешке жиналыста келесі күннің жоспарын белгіледік. Амандық Ғаббасұлы барлық іске тікелей қатысып, білікті жетекшілік етті, қаланың қайта түлеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Оған құрылысшы ретінде өзім куә болдым. Мен Талдықорғанның осындай көркем қалаға айналғанына қуанамын. Осы қалада тұратынымды, осында жұмыс істейтінімді мақтан етемін, - деді Л.Поздняков.

Салтанатты жиын соңында қазақстандық эстрада әншісі Мадина Садуақасова, «Славян базары» халықаралық конкурсының жеңімпазы Рухия Байдүкенова, өңірдегі өнер ұжымдары қатысқан мерекелік концерт ұсынылды.

Осы күні Көрме кешенінде Талдықорғанның мерейлі датасына байланысты 21 суретші мен фотографтың 60-тан астам фотосуреті қойылған көрме қойылды. Сол сияқты Талдықорған қаласының бас жоспары мен егжей-тегжейлі жоспары көрсетілді. Амандық Баталов жиналғандарға облыс орталығының сәулеттік келбетінің ерекшелігі, алдағы даму жоспарлары туралы айтып берді.

  • 23.09.2021
  • 313
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика