- Блогтар
- Абдуллин Т.Т.
Абдуллин Т.Т.
ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасы
EH ESER Taahhut Ve Sanayi Anonim Sirketi түрік компаниясымен келісімшарт жасастық
Біз EH ESER Taahhut Ve Sanayi Anonim Sirketi түрік компаниясымен республикалық маңызы бар "Ұзынағаш-Отар" автомобиль жолының 101-143 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау бойынша келісімшартқа қол қойдық.
Қол қою рәсіміне Комитет төрағасының орынбасары Жамбыл Бақтияр және мердігерлік ұйым директорлар кеңесінің төрағасы Ильхан Адильоглы қатысты.
Реконструкциядан кейін жол білікке 13 тонна есептік жүктемемен 4 жолақты қозғалысы бар 1б санатты болмақ. Жоба бойынша ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 2 жол өтпесін және 32 су өткізу құбырын, сондай-ақ 6 автобус аялдамасын салу көзделген.
Реконструкцияны 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.
- 28.09.2021
- 325