• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қосанов Д.Ж.
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды құрудың және дамытудың жаңа тұжырымдамасын бекітті

 

ҚР Қорғаныс министрлігі Тұжырымдама жобасын Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әзірледі. Бұл құжатты дайындауға ұзақмерзімді перспективадағы дамуға қатысты болжамдарды ескере отырып, қазіргі әскери-саяси ахуал мен шет мемлекеттердегі әскери құрылыстың үрдістері негіз болды.

ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Тұжырымдама жобасын жан-жақты пысықтағаннан кейін, құжат биылғы жылғы мамырда ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданды.

Тұжырымдамада әскери қауіпсіздік органдарын 2030 жылға дейін қалыптастырудың және дамытудың негізгі принциптері мен ұстанымдары қамтылған. Бұл құжат аясында атқарылатын іс-шаралар мемлекеттің қорғаныс қабілетін арттыруға, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуге, соның ішінде дағдарыс жағдайындағы әрекет ету  мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Қазақстан тарихында алғаш рет әуе-ғарыштық және зымыран шабуылына қарсы қорғаныстың тиімді жүйесінің элементтерін қалыптастыру жоспарланып отыр.

Елдің орасан зор аумағын және шекаралардың ұзақтығын ескере отырып, әскери-көлік авиациясының күштері мен құралдарын жетілдіру арқылы әскерлердің мобильділігін арттыру шаралары қарастырылған.

Сондай-ақ, арнайы операцияларды орындайтын күштерді дамытуға баса мән берілген.

Қоғамның барлық саласын цифрландыру шеңберінде Қарулы Күштердің кибер- және ақпараттық кеңістіктегі іс-әрекеттер жөніндегі әлеуеті күшейтіледі.

«Қос мақсаттағы», яғни соғыс және бейбіт уақытта, соның ішінде төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін қолданылатын компоненттерді дамыту жоспарланған. Ең алдымен, мұндай құрамдарға әскери медицина, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерлері, инженерлік әскерлер, әскери-көліктік авиация жатқызылды.

Жауынгерлік әзірлікті арттыру, әскери бөлімдердің оңтайлы орналасуын, әскери инфрақұрылымның қалыптасуын, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті инфрақұрылымы бар кешенді әскери базаларды құруға біртіндеп көшу жоспарлануда.

Сондай-ақ әскери білім беру, мансаптық өсу, әскери қызметшілерді моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру, құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайту, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру шараларын жүзеге асыру көзделген.

Қарулы Күштерді жарақтандырудың негізгі бағыттары белгіленген. Бұл отандық қорғаныс өнеркәсібі кешені тарапынан қамтамасыз етілетін болады және кәсіпорындардың өндірісті барынша  тиімді жоспарлауына мүмкіндік береді.

Жалпы бұл Тұжырымдаманы іске асыру мемлекеттің қорғаныс қабілетін және әскери қауіпсіздіктің заманауи қатерлеріне қарсы даярлығын  арттыруға және бейбіт уақыттағы міндеттерді тиімді орындауға бағытталған.

Қазіргі әскери қақтығыстарды ескере отырып, жаңа Тұжырымдамада көзделген тәсілдерге сәйкес, биылғы 6-23 қыркүйек аралығында Қазақстан аумағында «Отпантау-2021» кешенді әскери оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиыны барысында әскери қатерлер кезіндегі Қарулы Күштердің командалық-басқару органдары мен әскери бөлімдерінің, Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның, Төтенше жағдайлар министрлігінің, сондай-ақ жергілікті атқарушы, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы тексерілді.

Алты облыста соғыс жағдайы енгізілген кездердегі Облыстардың қорғаныс кеңестерінің жұмысты ұйымдастыруы тексерілді.

Жеті оқу-жаттығу полигонында әскерлер соғыстың жаңа формалары мен әдістерін, құрлықта және әуедегі жауға қарсы тұру мәселелерін пысықтады, сонымен қатар Каспий теңізінің су айдынында десантқа қарсы жаттығу операциясын жүргізді.

Жаңадан алынған қару-жарақ пен әскери техниканың, соның ішінде Су-30СМ ұшақтары, Ми-35 тікұшақтары, жаңа ұшқышсыз ұшу аппараттары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері мен радиоэлектронды күрес жүйелерінің жауынгерлік қасиеттері сыналды.

https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-prezidenti-zhogargy-bas-kolbasshy-karuly-kushterdi-baska-da-askerler-men-askeri-kurylymdardy-kurudyn-zhane-damytudyn-zhana-tuzhyrymdamasyn-bekitti-258027

 

  • 28.09.2021
  • 255
Қосанов Д.Ж.

ҚР Қорғаныс министрі

Қосанов Д.Ж.
(Мұрағат)

ҚР Қорғаныс министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика