- Блогтар
- Төреғалиев Н.
Төреғалиев Н.
Батыс Қазақстан облысының әкімі
БҚО әкімі Бөрлі ауданындағы салынып жатқан және өндірістік нысандарды аралады
Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барды. Өңір басшысы Ақсай қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көппәтерлі үйлердің құрылысы мен аула абаттандыру барысын тексеріп, пенопласт өнімдерін, темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттардың жұмысымен танысты. Сондай-ақ облыс әкімі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының, кәріз ағынды су тазартатын қондырғының жұмысын тексеріп, жергілікті шаруа қожалығына барды.
Аудан орталығында облыс әкімі 5 шағынауданның аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Шағынауданның 32 көппәтерлі үйлерде 8,5 мыңнан астам адам тұрады, сондықтан жергілікті тұрғындар үшін жобаның маңызы зор. Құны 246 млн. теңге кұрайтын жобада өтпе жолдар мен тротуарлардың жаңа асфальтбетон жабынын, балалар және спорт алаңдарын орнату, аула аумақтарын және қоқыс жинағышқа арналған алаңдарды жарықтандыру қарастырылған. Нысанда 28 адам еңбек етеді. Барлық жұмыстар осы жылдың қыркүйек айында аяқталады.
Сондай-ақ, аймақ басшысы «Ар-Ай» ЖШС – нің жұмысымен танысты. ЖШС ғимараттардың сыртқы бетін оқшаулауға және құрылысқа арналған пенопласт өнімдерін шығарады. Зауыт ауысымда 1,2 мың шаршы метр өнім шығарады. Кәсіпорын штатында 28 адам бар.
Облыс әкімі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Қарашығанақ шағын ауданында салынып жатқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын тексерді.
Ғали Есқалиев қатты тұрмыстық қалдықтар сақтау полигонында болды. Полигон қаладан 3 км жерде орналасқан, жалпы ауданы 19,3 га. Бүгінгі күнде «ҚазтрансстройАксай» ЖШС-мен 67 млн. теңге сомасына келісім шарт жасалды, оның шеңберінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және жану ошақтарын көму бойынша жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ТҚҚ алаңының аумағын қоршау, 40 тоннаға арналған автомобиль таразыларын, тәулігіне 25 тоннаға қалдықтарды сұрыптайтын алаңдарды, Пполигон аумағын жарықтандыру және бейнебақылау камераларын, дезинфекциялық барьер орнату жұмыстары істелінеді. Жұмысты аяқтау мерзімі 2020 жылдың 10 қыркүйегіне белгіленген.
Облыс әкімі Ақсай қаласынан 2,5 шақырым жерде орналасқан кәріз ағынды су тазартатын қондырғының жұмысымен танысты. Ауданы 7 га нысан 1987 жылы пайдалануға берілді. Су тазарту қондырғының нақты қуаты-тәулігіне 8400 текше метр. Сарқынды сулардың орташа тәуліктік ағыны тәулігіне 5 мың текше метрге дейін құрайды. Техникалық байқауға сәйкес қондырғының ағымдағы жағдайы – өте ескірген деп анықталды. Өткен жылдан бастап қайта құру жобасы әзірленді және қазіргі уақытта «ТКШ-ны жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-мен келісу кезеңінде.
Өңір басшысы «Наз Тур» ЖШС жұмысымен танысты. Кәсіпорын материалдарын оның ішінде дайын бетон кең ауқымда шығарумен айналысады және ғимараттарды жөндеуден бастап көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысына дейін әртүрлі құрылыс жұмыстарын жүргізеді.
Сапар аясында өңір басшысы «Аманат» ШҚ-да болды. Мұнда өз қаражаты есебінен 600 басқа арналған сүт өндіру және терең өңдеу бойынша сүт-тауар фермасының жобасы іске асырылуда. Құны 2,5 млрд. теңгені құрайтын жобаның қуаты жылына 2,5 мың тонна сүт өндіру. Бүгінгі таңда автоматтандырылған табынды басқару жүйесі, автоматтандырылған сауын залы, мал азығын даярлау құрылғылары, арнайы техника сатып алынды. Шаруашылық 15 адамды жұмыспен қамтыды. 2021 жылдың сәуір айында кәсіпорынның өндірістік қуатына шығуы жоспарланып отыр.
- 10.08.2020
- 335