• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сұлтанғазиев М.Е.
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қапшағайлық шаруалар пияздан мол өнім алды

Қапшағай қаласының Шеңгелді аумағындағы шаруалар үшін пияз өсіру дәстүрлі кәсіпке айналған.  Пияз осы аймақтың бренді десе де болады. Шаруа қожалықтары пияздың голландиялық сорттарын өсіріп отыр. Бұл сорттар дәрумендер мен минералдарға бай, мәселен, өнімнің 100 грамында 10 мг астам аскорбин қышқылы болады. Биыл қапшағайлықтар мол өнім алды. 1700 га жерден 85 мың тонна пияз жиналып, әр гектарынан 506,3 центнер айналды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қапшағай қаласы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Қапшағай өңірінде көкөністер арасында пияз ерекше маңызға ие, алқап көлемі жағынан да алғашқы орында. Бұл осы пайдалы өнімге деген сұраныстың көптігіне байланысты. Бұл өңірде пияз өсірумен 50 шақты шаруа қожалығы айналысады. Олардың арасында облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға 20 жылдан бері үлес қосып келе жатқан «NazDana» ЖШС да бар. Ол өз жұмысында тұқым түрлерін ірілендіруге, өнідіріс көлемін арттыруға елеулі көңіл бөліп келеді. Сол сияқты жаздық арпа, қант қызылшасы, картоп, пияз және басқа да дақылдарды өсіруге маманданған.

- Бүгінгі күні жұмыс процестерін автоматтандыру барлық салаға дендеп енді. Заманауаи аграрлық технология белсенді қолданылады, ғылыми жетістіктерді де басшылыққа алғанның пайдасы зор. Біз осы үрдістерден қалып қалмауға тырысамыз. Бұл еңбек өнімділігін арттыруға зор ықпал етеді, ал ол өнім көлемін арттыруға септігін тигізеді. Қазіргі кезде 140 га жердің 70 гектарына дәндік жүгері егілген, 27 га – қант қызылшасы, 15 га – көк жуа, қалған 8 га – жеміс-жидек. Биылғы жылы өткен жылдағыдай  әр гектарынан 600 центнерден өнім аламыз деп шамалап отырмыз. Оған қоса биыл жүгерінің де шығым жақсы болды. Біздің өнімдеріміз Алматы облысының нарығына ғана емес, Алматы қаласының да сауда нүктелеріне жеткізіледі, мәселен, «Алтын Орда» базарынан, «Магнум», «Метро», «Агромарт» сияқты сауда желілерінен табуға болады. Сондай-ақ ТМД елдеріне, кейінгі кезде Еуропаға да экспортталуда. Қазір өнімнің барлық түрлерін сыйымдылығы 300 тонналық қоймаға жинап, қысқа сақтауға дайындап жатырмыз, - деді ЖШС басшысы Нұрлан Етекбаев. Атап өтерлігі, серіктестік қайырымдылық шараларына да көп көңіл бөледі.

Қапшағай қаласында 2021 жылы барлығы 13666 га егістік жер игерілген, соның 8448 гектары – суармалы жер. 4917 гектары  - дәнді дақылдар, оның ішінде жаздық арпа - 3941 га, дәндік жүгері - 976 га, майлы дақылдар - 3437 га, картоп - 400 га, көкөністер - 1831 га, бақша дақылдары - 250 га, қант қызылшасы - 600 га,  мал азығы - 2231 га.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өткен жылы пияздың  егіс алқабы 5483 га болған, 195 мың тоннадан астам өнім жиналды, орташа шығымдылығы - 357 ц/га. Биылғы жылы 5600 га пияз егілген, одан 161 мың тонна пияз жиналды. Өнім жинау 92,5 процент шамасында аяқталды. Қапшағайға келетін болсақ, мұнда пияз жинау науқаны толық бітті. Жалпы Қапшағайдағы көкөніс сақтау қоймаларындағы 30 мың тонна көкөністің тең жартысы – пияз.

  • 30.09.2021
  • 297
Сұлтанғазиев М.Е.

Алматы облысының әкімі

Сұлтанғазиев М.Е.
(Мұрағат)

Алматы облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика